Атырау, 5 желтоқсан 10:21
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған

Бейнежазба
3 457 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған кадр

24 тамызда 44 жастағы Өзбекстан азаматы полицияға бопсалау туралы шағыммен жүгінді. Сол күні екі ер адам оған күш қолданып, өздерімен бірге алып жүрген. Бірақ кейін 500 мың теңге ақша әкелуді талап етіп, босатып жіберген.

Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, күдіктілерді - 37 жастағы Атырау тұрғыны мен Жылыой ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Заттай айғақ - алған ақша тәркіленді.

Бұған дейін бірнеше рет сотталған жылыойлық тұрғын тергеу абақтысына қамалды, екіншісі сотқа дейін үйқамаққа алынды.

- Қазіргі кезде ҚК 194-бабы («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, күдіктілердің деструктивті діни ағым ұстанушылары екені анықталды, - деп хабарлады ПД.

Айнұр САПАРОВА

2 қыркүйек 2020, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.