Атырау, 5 желтоқсан 10:21
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Ауласы қара сорадан жайқалып тұр

3 761 рет қаралды

«Қара сора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала маңындағы Еркінқала ауылы тұрғынының ауласынан 1898 түп қара сора өсімдігін тапты. Сонымен қатар, бір килограмнан астам марихуана тәркіленді.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 296-бабы («Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») және 300-бабы («Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айнұр САПАРОВА

19 тамыз 2020, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.