«Дәрмек» жедел-алдын алу шарасы барысында Атырау облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 5 деректі анықтады. Атап айтсақ, Мақат ауданының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шара барысында құрамында есірткісі бар «Трамадол» дәрілік препаратын рецептісіз сатқан екі дерек те тіркелді. Мәселен, Атырау тұрғынынан осы дәрінің 152 таблеткасы табылып, тәркіленді. Ал бұл дәрі дәріханаларда дәрігердің рецептісі бойынша ғана сатылуы тиіс.
ПД мәліметінше, жыл басынан бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы 12 келіден астам түрлі есірткі құралдарын, соның ішінде «синтетикалық» есірткілерді тәркілеген. 37 қылмыстық іс қозғалды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА