Атырау, 16 қаңтар 16:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Браконьерлікпен күресушінің ісі тез арада сотқа жолданды

3 493 просмотра

17 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Атырау облыстық ПД су полициясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданғанын хабарлады. ҚР ҚПК 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің жеделдетілген тәртіппен аяқталғаны нақты айтылды.

Еске салсақ, маусым айының соңында балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы қара балық аулаумен және сатумен айналысатын ЖШС басшысынан кәсіпкерлік қызметті кедергісіз жүзеге асыру және жалпы қамқорлық жасау үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ҚПК-тің 190-бабы (Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру)

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
18 шілде 2020, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.