Атырау, 29 наурыз 20:46
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Еден жуып, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

4 297 просмотра

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан Р. есімді азамат тәртібі мен еңбегі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 

Колонияда сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Қаламқас ӘШІРХАННЫҢ хабарлауынша, жазасын өтеуші 2018 жылы ҚР ҚК-нің 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу») бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.  

Ол жазаның үштен бірін өтегеннен кейін сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш білдіріп, өтініші қанағаттандырылған. Ендігі қалған 3 жыл 4 айын аяқтай жүріп өтейді. 

- Ол колонияға түскеннен кейін бірден шаруашылық жасағында (еден жуушы) жұмыс істеуге ниет білдірген. Өзінің тәртібімен еңбекке адал қарап, түзелу жолына нақты тұрғанын дәлелдеп шықты. Сондықтан бостандыққа мерзімінен бұрын шықты, - дейді Қ. Әшірхан.  

Айнұр САПАРОВА

4 шілде 2020, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.