Атырау, 25 желтоқсан 18:43
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қарақшы кеңседе күзет пен бейнебақылау жүйесі жоқ екенін білген

4 143 рет қаралды


Атырауда Привокзальный-5 ықшам ауданында микронесие беретін ұйымның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қызметкерді пышақпен қорқытқан қаскөй 100 мың теңгедей ақшаны алып, бой тасалайды. Бірақ көп ұзамай оны полиция анықтап, ұстады.

- Ол бұрын сотталған Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Тексеру барысында оның іс-қимыл жоспарын алдын-ала ойластырғаны белгілі болды. Аталған мекеме ғимаратының бейнебақылау жүйесімен жабдықталмағанын және күзетші жоғын білген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде,.

Айнұр САПАРОВА

ПД баспасөз қызметі ұсынған суреттер

21 қаңтар 2021, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.