Атырау, 26 сәуір 10:37
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Оралда "Гарант 24 Ломбард" менеджері ұсталды

2 761 просмотра

Оралда алаяқтық жасады деп күдіктелген «Гарант 24 Ломбард» ЖШС менеджері ұсталды. Оған ақпан айынан бастап «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту деректері бойынша іздеу жарияланған болатын.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ДП қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірге менеджердің қай жерде екенін анықтап, оны Орал қаласында ұстады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

10 тамыз 2020, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.