Атырау, 27 сәуір 02:50
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Жалған» шот-фактуралар жазған

3 222 просмотра

Бүгінде Атырау облысында экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мемлекет кірісіне 2,2 млрд теңгені қайтарды.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Қайрат БИЖАНОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл Атырау облысында заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі қолма-қол қаражатының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге азайды.

- Ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан ұйымдасқан екі қылмыстық топты жойдық. 9 эпизод бойынша бір істі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді, - деп атап өтті Бижанов.

Әңгіме жалған шот-фактуралар берудің 12 фактісі және мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 2 факт туралы болып отыр.

Бұдан басқа, жыл басынан бері ойын мекемелерінің заңсыз қызметі фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

Департамент «қаржы пирамидаларының» қызметіне байланысты төрт қылмыстық істі және бюджет қаражатын жымқыру мен ысырап етуге байланысты 7 қылмыстық істі де тергеп жатыр.

Айнұр САПАРОВА

30 қазан 2020, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.