Атырау, 19 сәуір 22:47
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Курьер емес, қылмыскерге айналды

2 422 просмотра

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын насихаттаған екі күдіктіні ұстады. Олар тиісті сайттардан алынған синтетикалық есірткі жарнамасын тұрғын үйлердің қабырғасы мен подъездерге іліп қойған.

ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, олар Атырау тұрғындары - 33 жастағы әйел (өзі есірткіге тәуелді) мен 28 жастағы ер адам. Жауап алу кезінде олар бұл сайт туралы бейхабар екенін, Telegram-каналынан курьер ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды оқып, есірткі дилерінің тұзағына түскенін айтады. Жұмыс беруші әр жазу үшін 150 ресей рублін төлеуге уәде берген. Олар жұмыс берушісін көрмеген, интернет арқылы хат алмасыпты. Тапсырыс берушілер – көрші елден болуы керек, өйткені ресейлік киви-әмиян нөмірлері көрсетілген.

ҚР ҚК-нің 299-1-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ал полиция қызметкерлері мен еріктілер Атырау тұрғын үй қорындағы есірткіні жарнамалаған 300-дей жазбаны өшірді.

Айнұр САПАРОВА 

2 ақпан 2021, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.