Атырау, 28 наурыз 20:36
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырауда үйден заңсыз дәрі-дәрмектер сатылған

Бейнежазба
4 857 просмотра

Атырауда полиция қызметкерлері заңсыз дәрі-дәрмектер, медициналық бетперделер сату деректерін анықтады.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласының 1994 жылы туған тұрғыны үйінен қымбат бағамен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқаны үшін ұсталды. Тексеру барысында, үйінен «Ингавирин», «Дексаметазон виал», «Азитромицин», «Дексаметазон», «Лидокаин Буфус», «Метронидозол» табылып, тәркіленді. Бұл дәрілердің барлығы да қымбат бағамен сатылған.

Бұл күні полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Авангард ықшам ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерде бірнеше есе қымбат бағамен медициналық бетперде сатқан 1985 жылғы ер адамды ұстады.

Тексеру кезінде пәтер ішінен 43 мың медициналық бетперде табылып, тәркіленді.

- Заңсыз сатылған дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарының барлығы тәркіленді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 6 шілдеде, полиция қызметкерлері Атыраудағы косметологиялық салондардың бірінде респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді  тапқан болатын.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

10 шілде 2020, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.