30 маусымда сағат 21.50-де Атырауда Құрманғазы көшесінде Lexus көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 19 жастағы адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, зардап шегуші ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай алған жарақаттарынан қайтыс болған.
Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады.
Айнұр САПАРОВА