Атырау, 26 желтоқсан 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары ешнәрседен жиренбеді

5 500 рет қаралды
Көрнекі сурет

Құрманғазы аудандық соты аудан әкімінің орынбасары Үркен ТӘЖІБАЕВҚА қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ҚР ҚК-нің бірден үш бабы бойынша айыпталды - 361 (лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану), 364 (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) және 190 (Алаяқтық).

Істе өндірістік кооперативке 500 мың теңге көлемінде келтірілген материалдық зиян; туыстарына басымдық бере отырып, оларға тіркелген жеке құрылымдарды басқаруға қатысу; балықшы күніне арналған іс-шараға 150 мың теңге және аз қамтылған отбасылар үшін қорғау маскаларын сатып алуға жергілікті бизнес жинаған 125 мың теңгені қолды қылған.  

Қатаң сот бұрынғы шенеунікке 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

9 шілде 2020, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.