Атырау, 23 сәуір 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырауда психотроптық препараттарды сатушылар ұсталды

2 694 просмотра

Полицейлер «Дәрмек» жедел-алдын алу шарасы барысында психотроптық дәрілік препараттарды заңсыз сатумен айналысқан Атыраудың үш тұрғынын ұстады.

Олардан барлығы 240 пластинка «Трамадол» және 18 құты «Тропикамид» тәркіленді. Бұл препараттар «дәріханалық» нашақорлар арасында сұранысқа ие.

Атырау облысында 30-дан астам денсаулық сақтау нысаны және өз қызметтерінде психотроптық заттар мен прекурсорларды қолданатын 20-дан астам мекеме бар.

- Біз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеу, сақтау және пайдалану ережелерінің сақталуына қатысты үш медициналық мекеме мен екі кәсіпорынды тексердік, - деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Нұрхат ОРАЗБАЕВ.«Дәрмек» шарасының қорытындысы бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы («Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») және 297-бабының 1- және 3-тармағы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау»)  бойынша сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеру жұмысы басталды.

4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, қатысы бар тұлғаларды (оның ішінде 1 медицина қызметкерін) жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Айнұр САПАРОВА

23 қараша 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.