Атырау, 18 маусым 17:58
 ашықВ Атырау +26
$ 452.92
€ 484.99
₽ 5.12

Браконьерлікпен күресуші үш жарым жылға сотталды

2 623 просмотра

7 тамызда №2 қалалық сотта Атырау облыстық ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің бастығы Б.Досановқа қатысты үкім шықты.

Еске салсақ, оның ісі 17 шілдеде сотқа жолданған. Ал ол маусым айының соңында қара балық аулаумен және сатумен айналысатын ЖШС басшысынан кәсіпкерлік қызметті кедергісіз жүзеге асыру және жалпы қамқорлық жасау үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Бұдан бұрын, сотқа дейінгі тергеу ҚПК-тің 190-бабы (Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру) бойынша жеделдетілген тәртіппен аяқталғаны нақтыланған еді.

Сот Б.Досановқа үш жыл жарымға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. 

Айнұр САПАРОВА  

15 тамыз 2020, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.