Атырау, 21 желтоқсан 19:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Отбасы бөлек, бизнес бөлек

– Мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлік конкурсқа қатысу кезінде бәсекелестер арасында қандай туыстыққа жол беріледі? Мәселен, бір тендерге өз ЖК-і бар бауырым, ұлым немесе әйелім және мен қатыса аламын ба? 7 ақпан 2013, 00:00 2 653 рет қаралды
Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады Сұрақ-жауап

Жобадағы өзгерісті заңдастыруға болады

– Пәтерімізді сатқымыз келген. Бірақ жоспарда жуынатын бөлме мен дәретхана бөлек көрсетілген, ал іс жүзінде бірге. Біз бұл пәтерді он жыл бұрын өзіміз сатып алғанбыз. Санитарлық тораптарды бұрынғы қожайындары біріктіріп жіберген. Жоспардағыдан бөлек айырмашылық болғандықтан, пәтерімізді сата алмай отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта панельді үйлерді қайта жобалауға тыйым салынған деп естідік. Біріккен торапты заңдастыру үшін не істеуіміз керек? Бұл жобалауды біздің жүзеге асырмағанымызды қалай дәлелдейміз? Енді бізге қандай жауапкершілік жүктеледі? 28 қараша 2012, 16:21 1 918 рет қаралды
Несие алуға үміт жоқ Сұрақ-жауап

Несие алуға үміт жоқ

– Жалақым аз болғандықтан банктен көлік сатып алатын несие ала алмай жүрмін. Менің білуімше, банктер ықтимал қарыз алушылардың зейнетақы жарналары туралы мәліметтерге сүйене отырып, табысты тексереді. Егер мен 10 пайыз тиесілі зейнетақы жарнасына тағы да ерікті түрде 10 пайыз салып тұрсам, бұл несие рәсімдеу кезінде ескеріле ме? Немесе, мәселен, жұмыс беруші зейнетақы қорына 10 пайыз емес, менің жалақымның 20 пайызын аударып тұрса ше? 31 қазан 2012, 18:12 2 526 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кез-келген ақау сіздің есебіңізден

- Біз үйдің шатыры үшін танымал атыраулық бір компанияға металл черепицаға тапсырыс бердік. Олар бізге тапсырысты сапалы орындауға уәде еткен болатын. Нәтижесінде үйдің шатырын әбден жауып болып келгенде металл черепицаның түрінің әр түрлі екендігі белгілі болды. Біз бірден компанияға кемшіліктерін айтып, талап ете бастадық. Олар өз кінәларын  мойындағанмен, келтірілген зияндарын толық өтеуден бас тартты. Бізге тапсырыстың құнынан ондаған есе төмен 70 мың теңгені ғана қайтаратындарын мәлімдеді. Сонда қалай, ақыр соңында біз черепицаны өз ақшамызға ауыстыруға тиіспіз бе? Біз өз құқығымызды қалай қорғай аламыз? Қолымызда төлем чегі мен металл черепицаға берілген бір жылдық кепілдік бар. 24 қазан 2012, 23:23 2 004 рет қаралды
Орталықтың әзірге мөрі жоқ Сұрақ-жауап

Орталықтың әзірге мөрі жоқ

– Мен жер телімін сатып алған едім. Уақытша мемлекеттік актіні тұрақты актіге қайта рәсімдеу үшін Сәтбаев бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Бірақ ол жердегілер мөрді ауыстырып жатырмыз деп, құжаттарды қабылдамады. 10 күн өтті, құжаттарды әлі қабылдаған жоқ. Бұған қандай себеп? 10 қазан 2012, 18:42 2 809 рет қаралды
Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз Сұрақ-жауап

Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз

Мен 2008 жылы Белоруссиядан «Опель-Агила» маркалы машинасын сатып алған едім. Енді маған ол үшін 12 пайыз қосымша құн салығын төлеу керек. Оны салық қызметінде есептеу үшін мені көліктің құнын бағалатуға Сауда-өнеркәсіптік палатасына жіберді. Ол жердегілер көлікті асыра бағалады: мен оны 885 мың теңгеге сатып алып едім, ал оны 1 млн 600 мың теңгеге бағалады. Сонда қосымша құн салығы 200 мың теңге болады. Неліктен тәуелсіз үш бағалаушыға бағалатып, солардың бағаларының негізінде орташа құнды шығаруға болмайды? 5 қыркүйек 2012, 21:47 2 554 рет қаралды
29 жасқа дейін үлгеруі керек Сұрақ-жауап

29 жасқа дейін үлгеруі керек

- Менің туысқанымның отбасы қалалық ТКШ бөліміне «Жас отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша  2007 жылы пәтер кезегіне тіркелген болатын. Кейін бұл бағдарлама тоқтатылып  қалды. Қазір олардың жасы 30-ға жақындап қалды, ал пәтерді әлі алған жоқ, жалдап жүр. Жас ерлі-зайыптылар баспанаға мұқтаждарды қамтамасыз етудің басқа мемлекеттік  бағдарламасын қолданыла ала ма? 22 тамыз 2012, 22:26 2 587 рет қаралды
Аялдамалар болады Сұрақ-жауап

Аялдамалар болады

– Тайманов даңғылынан Ескі әуежай жаққа қарай жүретін №10, 20, 62 маршруттардың аялдама павильондары жоқ. Адамдар ашық аспан аясында маршрутка күтіп тұруға мәжбүр. Маршруткалар лық толы болады және уақыт аралығын сақтамайды, соның салдарынан салон көбінесе аузы-мұрнынан шығып тұрады. Мыңдаған қоғамдық көлік пайдаланушылар үшін лайықты жағдай жасауға бюджетте шынымен де ақша болмағаны ма? 1 тамыз 2012, 22:05 2 336 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қысымды көтереміз

– 8 жылдан астам уақыттан бері Ғұмаров көшесінің бойындағы 88 және 90-үйлерде, Авангард 4-ықшамауданындағы 6 және 8-үйлерде салқын су жоқ. Ал ыстық су шүмегінен қайнап тұрған су жүріп тұр. Ыстық суға бүкіл тұрмыстық техника мен су жіберетін бак жалғанған. Мұның бәрі, әрине, тұрмыстық техниканың пайдалану мерзімін қысқартып, ыстық су тұтыну төлемақысын көбейтуге әкеледі. Жыл сайын бізге кешікпей көтеру-сорғы стансасын саламыз деп немесе қолданыстағы стансаға қосамыз деп уәде береді. Биылғы жылдың сәуірінде «Жазира» ПИК-і осы мәселемен «АСА»-ға хабарласып, екіұшты жауап алды. Бұл проблема қашан шешіледі? 1 тамыз 2012, 22:07 2 188 рет қаралды
Дәрі-дәрмек сөреден жоғалды Сұрақ-жауап

Дәрі-дәрмек сөреден жоғалды

- Менің күйеуімнің жасы 73-те, 2001 жылдан бері Паркинсон сырқатымен ауырады. Оған дәрігер «Наком» және «Циклодол» деген дәрі-дәрмектерді  жазып берді. Бұрын біз дәрілердің кейбірін тегін алып тұрдық. Жұбайымның жасы 70-ке келгенде оны жасына байланысты бізді емхананың есебінен шығарды. Содан бері қарай біз барлық дәріні сатып алуға мәжбүрміз. Оның үстіне ол дәрілерді табудың өзі проблемаға айналды. Екі жылдан бері дәріханалардан «Наком» жоғалды, ал, кейін циклодол да көрінбей кетті, енді оларды Ресейден тапсырыс беріп алдыртуға тура келіп отыр. Бұл дәрі-дәрмектердің дәріхана сөрелерінен жоғалуының себебі неде? 20 маусым 2012, 19:25 3 141 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәрігердің қателігі

- Онкологиялық науқастардың ауруды басатын  Трамадол дәрісін тегін ала алатындығы рас па? Егер солай болса, неге біз құны арзан емес бұл дәріні жарты жыл бойына сатып алып жүрміз? Тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша тіркелген емхананамыз беретін рецепте ешқашан дәрінің дәл дозасын көрсетіп жазбайды. Оны өз бетімізше есептеп алуға тура  келеді. 23 мамыр 2012, 19:19 2 201 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Учаскені сатып ал

- 1994 жылы маған бизнес жасау үшін Құлсарыдан жер учаскесін жалға берген еді. Жалға беру мерзімі 49 жыл. Барлық қажетті құжаттар қолымда. Қазір ұлдарымның атына құжаттарды қайта рәсімдеп, сол жерден жеке үй салғым  келеді. Учаскенің мақсатын қалай өзгерте аламын? 16 мамыр 2012, 21:46 2 430 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жасына қарай - орыны

- №6 балабақшада жөндеу жұмыстарына 600 теңге жинап жатыр, ал жөндеу жұмыстарынан кейін балаларымызды басқа топқа ауыстырады. 2011 жылдың жазында топтың қорына 5000 теңгеден ақша жинап, осы ақшаға сплит жүйесін, телевизор, DVD, шаңсорғыш, ойыншықтар, стендтер және т.б. сатып алып, балалар бөлмесін жарақтап қойған едік. Енді біздің балаларымызды басқа орын-жайға ауыстырған кезде, стендтер мен сплит-жүйелерді қалдыруға тура келеді.  Ешкімнің де бұл шығындарды өтемейтіні түсінікті, өйткені ақшаны өз еркімізбен жинаған едік. Бізді басқа топқа қандай негізде ауыстырып жатқанын білгіміз келеді? 25 сәуір 2012, 19:26 2 000 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қосымша кепілдіктің керегі бар ма?

- Осыдан екі жыл бұрын мен тұрмыстық техникалар сататын дүкеннен шаңсорғыш пен кір жуатын машина сатып алдым. Сатушылар маған кез-келген ақау үшін тауарды ауыстыруға дейін мүмкіндік беретін 2 жылға қосымша кепілдікті  рәсімдеуге ұсыныс жасады. Мен әрбір кепілдік үшін  9 мың теңге шамасында ақша төледім. Сатушылар қолданылмаған кепілдікті  сондай бағадағы  кез-келген тауарға ауыстыра алатындығыма сендірген болатын. Екі жыл өткеннен соң, дүкен әкімшісі маған пайдаланылмаған  кепілдік сомасына тек шығын материалдарын ғана ала алатындығымды мәлім-деді.  Ал, бұл заңды ма? Оның үстіне мен кейін белгілі болғанындай мұны кепілдік мерзімі бітуге дейін екі күн қалғанда (бұл келісім-шартта ұсақ шрифпен жазылған, олар маған ауызша ескерткен де жоқ) жасауға тиісті екенмін. 25 сәуір 2012, 19:28 1 839 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сіріңке қажет емес!

- Супермаркеттерде ақша қайырғанда көбінесе сіріңкелер береді, бірақ олар чектерге соғылмайды (бұл қайтарылған ақша есебінде ғой дейді). Әлі күнге дейін 1 қорап сіріңкенің қанша тұратынын түсіне алмай келемін. Кейде оны 2 теңгенің, кейде 5 теңгенің орнына береді. Ал бір күні маған қайтарылатын ақша ретінде тауық бульонының кубигін берді. Бұл сұранымсыз тауарды өткізу ме сонда? Мен бір күні кассирге ұсақ ақшаның орнына сіріңке бермек болдым, олар бізбен осылай есептеседі ғой. Бірақ олар мені түсінген жоқ. 18 сәуір 2012, 18:40 2 467 рет қаралды
Дауласпас үшін түбіртек бермеді Сұрақ-жауап

Дауласпас үшін түбіртек бермеді

– «Атаба» супермаркеттерінің желісінде несиелік карта немесе аудару арқылы сауда жасаған кезде неліктен түбіртек берілмейді? Түбіртек талап еткен соң сатушылар сатып алынған заттардың жалпы сомасы көрсетілген құжатты ғана береді. Онда бағасы көрсетілген барлық тауар тізімі жоқ. Ал, егер қандай да бір тауар сапасыз болып шықса, оны мен дүкенге қандай негізге сүйеніп кері қайтара аламын? 11 сәуір 2012, 17:44 2 363 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шекараның өз талабы бар

– Самара мен Орал қалаларының арасындағы шекарадан төлқұжаттық бақылаудан өту процедурасына түсінік берулеріңізді сұраймын. Өз басымнан мынадай жағдай өтті: шекарадан өткен кезде маған талонды рәсімдеуді (хаттама толтырумен қатар) ұсынды. Әрі қарай өз қалама барған кезде жеке пайдалану үшін Ресейден сатып алған тауардың 12 пайызы мөлшерінде қосымша құн салығын төлеуім керек екен. Қазақстан мен Ресей бірыңғай Кедендік Одаққа біріккендіктен бұл ұсыныс мен үшін түсініксіз болды. 4 сәуір 2012, 19:21 1 772 рет қаралды
Жолаушылар өтемақы алуға құқылы Сұрақ-жауап

Жолаушылар өтемақы алуға құқылы

– Бірер апта бұрын Астанадан Атырауға ұшатын ұшақтың ұшу мерзімі кешіктірілді. Әуе компаниясының қызметкерлері ұшуға жарты сағат қалғанда рейстің кідіретінін хабарлаумен ғана шектелді. Сол уақыт ішінде осындай жағдай орын алғанда тиесілі ішіп-жейтін тағамдар ұсынған жоқ. Сол күні кешке Астанадан көп рейстерді кідіртті. Олар бұған «ұшақтың кешігіп жетуіне байланысты» деген ресми себеп  айтады. Әуе тасымалдаушыда ұшуды кешіктіргені үшін жолаушылар алдында қандай да болмасын жауапкершілік бола ма? 14 наурыз 2012, 18:08 2 177 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлікті келісім-шартпен сатыңыз

–2004 жылы алушыға бас сенімхатты рәсімдеп, көлігімді сатқан едім. Машинам басқа қалада, қазіргі қожайынмен еш байланысым жоқ. Сенімхат мерзімі баяғыда өтіп кетті, бірақ көлік әлі менің атымда болғандықтан, көлік салығын төлеп келемін. Бұл көлікті есептен қалай шығаруға болады? 15 ақпан 2012, 20:13 2 715 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жеңілдік акциясын өзгертуге болмайды

-Мен ұлттық әуе тасымалдаушы компания филиалдарының бірінен «Студенттік» акциясы бойынша 14 000 теңгеге билет  сатып алдым. Алматыға оқуға баруыма тура келді. Алайда, артынша сабағымның кейіндеу басталатындығы белгілі болды да, сөйтіп, мен билетімді кейіндеу мерзімге қайта брондау үшін әуе компаниясына бардым.  Алайда, компания өкілі олай етуге болмайтындығын, яғни, акция талаптарында оның қарастырылмағандығын хабарлады. Олай болған жағдайда  мен ақшамды кері қайтаруды сұрадым, бірақ, билеттің толық құны емес, тек  әуежайлық алым (972 теңге) ғана қайтарылатындығы белгілі болды. Әуе тасымалдаушының  бұл әрекеті заңды ма? Өйткені, мен компанияның қызметін пайдаланғаным жоқ, оның үстіне, тасымалдаушыны ұшу күнінен бірнеше күн бұрын хабардар еттім. 18 қаңтар 2012, 19:47 1 871 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Томограф неге жұмыс жасамады?

-Осыдан бір ай бұрын балам қатты сырқаттанып қалды. Дәрігерлер оны туберкулез деп рентгенге түсіргенімен, оның қорытындысы бойынша  алынған диагнозға да күмән келтірді. Компьютерлік томографиядан өту керек болды. Артынша біздегі облыстық ауруханадағы аппараттың жұмыс істемей қалғандығы анықталды. Содан науқас баламмен бірге Орал қаласына баруға тура келді. Осы жағдайға байланысты  менің көкейіме мынадай сауал ұялады: бізде жыл сайын денсаулық сақтау саласын қаржыландыру артып келеді, әсіресе, ақша жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінуде деген хабардан жалыққандаймыз. Егер облыстық ауруханада бір облыстың маңдайына біткен  жалғыз КТ аппараты жұмыс істемейтін болса, бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқаны? Айта кетейін, Оралда ондай аппараттың 4-і бар. 18 қаңтар 2012, 19:53 2 050 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Күйеуім мүлікті жасырыпты

– Ажырасқан кезде күйеуіміз екеуміз ортақ мүлкімізді бөліске салған едік. Бірақ жақында осыдан екі жыл бұрын некеде тұрған кезімізде күйеуімнің маған айтпай жер учаскесін сатып алғанын және мүлікті бөлісу кезінде оны жасырып қалғанын білдім. Сондай-ақ, күйеуім екеуміз менің атыма көп сомада тұтынушы несиесін алған едік. Оны отбасы мұқтаждығы үшін жұмсадық. Бұрынғы күйеуім қазір осы несиені өтеуге көмектеспей отыр. Күйеуім сатып алған жер учаскесінің бір бөлігін ала аламын ба және бұрын отбасы мұқтаждығы үшін алынған несиені төлеуге қатысты мәселе қалай болмақ? 9 қараша 2011, 19:12 2 365 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жиһаз салығы жайлы

– Бірнеше жыл бұрын жаңа пәтерге көшетін болып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жиһаз сатып алуға барған едік. Сол уақытта ол жерде баға жеңілдіктерінің маусымы болып жатыр екен. Біз сол маусымға тап болып, жасаған саудамызға риза болдық. Енді тағы да барып, сіңліміздің жасауына жиһаз сатып алғымыз келген. Бірақ қазір Кеден одағының құрамына кірмейтін үшінші елдерден тауар әкелу тиімсіз деп естідім. Айтыңызшы, баж салығының мөлшерлемесі қаншалықты өзгерген? 2 қараша 2011, 19:21 1 996 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салық төленбейді

– Біз ресейлік серіктестерімізбен жұмыс жасай бастадық. Олардан Қазақстанға өткізу үшін тауарлар сатып аламыз, ал олар бізге рубльмен шот-фактураларын жібереді. Біздің бухгалтеріміз компания резидент болмағаны үшін 20 пайыз салық төлеуі тиіс дейді. Бірақ осы фирмамен 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Қазақстанның басқа қалаларындағы таныстарым мұндай салықты төлемейді. Резидент болмағаны үшін салық төлеуім керек пе? 6 қазан 2011, 20:54 2 005 рет қаралды