Атырау, 26 сәуір 08:16
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жиһаз салығы жайлы

1 786 просмотра

– Бірнеше жыл бұрын жаңа пәтерге көшетін болып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жиһаз сатып алуға барған едік. Сол уақытта ол жерде баға жеңілдіктерінің маусымы болып жатыр екен. Біз сол маусымға тап болып, жасаған саудамызға риза болдық. Енді тағы да барып, сіңліміздің жасауына жиһаз сатып алғымыз келген. Бірақ қазір Кеден одағының құрамына кірмейтін үшінші елдерден тауар әкелу тиімсіз деп естідім. Айтыңызшы, баж салығының мөлшерлемесі қаншалықты өзгерген?

Телефон арқылы

- Әрине, қазір Ресейден немесе Белоруссиядан жиһаз әкелу анағұрлым тиімді. Өйткені бұл жағдайда ешқандай да баж салығы төленбейді, - дейді «ЦТО-Ақ Жайық» кеден бекетінің маманы Қуаныш ҚИСМЕТОВ. Ал үшінші елдерден әкелінетін тауарға келер болсақ, бәрі де тауар санатына байланысты болады. Мәселен, Кеден одағы құрылғанға дейін басқа елдерден Қазақстан аумағына әкелінетін жиһаз үшін тауар құнының 15 пайызы мөлшерінде баж салығы және 12 пайыз қосымша құн салығы төленетін. Енді қазір баж салығы әрбір келі салмақ үшін 0,75 еуро және 12 пайыз қосымша құн салығын құрайды. Мәселен, жиһаздың құны 295 мың 700 теңге, салмағы 200 келі дейік. Кеден одағына дейін ол үшін 44 355 теңге баж салығын және 42 318 теңге қосымша құн салығын төлеу қажет болатын. Бүгінде 200 келі салмақ үшін баж салығы 31 029 теңге және қосымша құн салығы 40 719 теңге құрайды.

2 қараша 2011, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.