– Фирмамыз мемлекеттік сатып алулар жөніндегі тендерлерге қатыспақшы болған. Ол үшін бізге электронды кілт алу керек. Бұл қалай жасалады?
www.azh.kz сайтынан
Сұраққа облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының операторы Абзал МОЛДАҒАЛИЕВ жауап береді:
«Алдымен сіз ҚР Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz. сайтындағы онлайн режимге өтініш беруге тиіссіз. Негізгі менюдағы «Заңды тұлға» сілтемесі арқылы «Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ құралдарын алудың тәртібі» сілтемесіне көшіңіз. Алғашқы қадам көмегімен қажетті бағдарламаларды орнатып, содан соң цифрлық қолтаңба алуға өтініш бере аласыз. Айтпақшы, сіз халыққа қызмет көрсету орталығының мекен-жайын көрсетуіңіз керек. Сіз содан кейін өтінішіңізді өңдей аласыз. Ол үшін «ЭЦҚ алуға өтініш беру» сілтемесін басып, қажетті мәліметтерді көрсетесіз. Содан соң сіздің өтінішіңізге нөмір беріледі. Тапсырыс беру сәтті өткеннен соң тіркеу орталығына (өзіңіз таңдаған ХҚО) өзіңіз жеке барып, қажетті құжаттардың барлығын ұсынуыңыз қажет. Егер кілтті кәсіпорын директоры алатын болса, онда оның өзімен бірге жеке бас куәлігі, лауазымды тұлға екендігін растайтын құжат (сол адамды директор етіп тағайындау туралы мөртаңба соғылған бұйрық), сондай-ақ, кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, БИН болуы керек. Егер кәсіпорынның бірінші басшысының орнына кілтті сенімді тұлға алатын болса, онда мөртаңба соғылған сенімхат болуы керек. Оның үлгісі жоғарыда көрсетілген сайтта көрсетілген. Өтінішті өңдегеннен кейін ХҚО операторлары көрсетілген электронды пошта мекен-жайына электронды кілтпен бірге сертификатты жолдайды.