
Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) өткен тәулікте Иранның батысы мен орталығында 200-ден астам нысанаға әуе шабуылдары жасалғанын хабарлады, деп жазады ТАСС.
Пресс-қызметтің дерегінше, барлығы 20 ірі әуе рейді орындалған, оған ондаған жойғыш ұшақ қатысқан. Нысаналар қатарында қару-жарақ зауыттары, әуе қорғаныс жүйелері және зымыран ұшыру қондырғылары бар.
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған еді. Шабуылдар кезінде елдің ірі қалалары, соның ішінде Тегеран да соққыға ұшырады. АҚШ әкімшілігі бұл әрекетті Ираннан төнген «зымырандық және ядролық қауіппен» түсіндірді.
Соққылардың салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеи және ел басшылығындағы бірнеше тұлға қаза тапты. Бұған жауап ретінде Ислам революциясы сақшылары корпусы Израильге және АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар әскери нысандарына шабуыл жасады.
В Атырау -10