Атырау, 13 наурыз 15:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20

АШМ мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беруді бастады

99 рет қаралды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мал басын көбейту, өнімділікті арттыру және экспорттық әлеуетті кеңейту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірледі, деп хабарлайды ведомство.

Жоспар аясында жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Оның негізгі шарттары:

  • жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%;
  • мал шаруашылығының ерекшеліктерін ескеретін икемді мерзімдер;
  • қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі.

Несиелік қаражат ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.

Министрліктің мәліметінше, бағдарлама шаруаларды қолдауға және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деп күтілуде.

Бүгін, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.