
Иранның жаңа жоғарғы басшысы Моджтаба Хаменеи алғашқы үндеуінде АҚШ пен Израильге кек қайтаруға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ведомости.
Ол Ормуз бұғазы соғыс кезінде жабық күйінде қалатынын және Таяу Шығыстағы америкалық әскери базалар жабылуы тиіс екенін атап өтті.
Хаменеи американо-израильдік операциядан келген шығын үшін өтемақы талап ететінін, ал қарсы тарап бас тартса, Иран өз бетінше әрекет ететінін айтты. Сонымен қатар, Тегеран жаңа майдандар ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жеткізді.
Жаңа лидер халықты бірлікке, қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуға шақырып, ирандық әскери күштерге алғыс білдірді. Ол сондай-ақ «қарсылық осі» одақтастарына, соның ішінде «Хезболла» мен Ирак және Йемендегі топтарға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Еске салсақ, 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің әскери операциясы кезінде бұрынғы жоғарғы басшы Али Хаменеи қаза тапқан болатын. Моджтаба Хаменеи 8 наурызда жаңа басшы болып сайланды.
В Атырау -10