Атырау, 30 мамыр 11:36
 дождьВ Атырау +14.2
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​Қазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл тағайындалды​

637 рет қаралды
Сурет: parlam.kz
Сурет: parlam.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. 

Одан бөлек ол ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарады. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - делінген ресми хабарламада.

Снежанна Имашева бұған дейін бірнеше шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болды, онда Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарды. Ол әйел құқығын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңдарды әзірлеуге белсенді қатысты.

13 наурыз, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.