Сұрақ-жауап Тергеу құпиясы – Осы жылдың наурыз айында күйеуімнің жұмысында ұрлық болды. Киім шешінетін жердегі жәшікті бұзып, барлық бағалы деген заттарды: ұялы телефондарды (IMEI-коды бар), алтын бұйымдарды, құжаттар мен кәртішкелері бар қалта әмияны және басқа да заттарды ұрлап кеткен. Бастапқыда бұл істі тергеумен қалалық ІІБ айналысты, жауап, саусақ іздерін алды. Келесі айда іс аумақтық орналасуына байланысты Балықшыдағы полиция бөлімшесіне берілді. Содан бері күйеуімді және оның әріптестерін ұрланған заттардың құнын шамамен анықтауға және ұрланғандығы туралы арыз жазуға тағы да екі рет шақыртты. Сонымен іс бітті. Істің қайтадан қаралып, тергеудің жүруі үшін не істеуге болады және жалпы тергеуге қанша уақыт беріледі немесе оны жай ғана жауып тастап, ашылмаған іс ретінде мұрағатқа тапсыра ма? 23 қараша 2011, 21:00 2 103 рет қаралды
Сұрақ-жауап Белгілерге назар аудар! – Сәтбаев даңғылы бойында ешқандай белгі және жол ортасындағы «зебра» жолақ таңбасы жоқ жаяу жүргіншілер өткелі аз емес. Ол әсіресе, «Атырау» сауда-ойын сауық орталығы мен мешіт ауданында байқалады. Өтетін жер мен түсетін жерлер жаяу аймақта қаралған, алайда, дегенмен «жаяу жүргінші өткелі» екендігін білдіретін ешқандай белгі қойылмаған. Жүргінші жолды жүгіріп өткен жаяу жүргіншілер белгілерге аса көп мән бермей апатты жағдайлар туғызады. Бұған қатысты қандай шара алынбақшы? 16 қараша 2011, 20:03 2 584 рет қаралды
Сұрақ-жауап Купюрды біз ауыстырамыз – Мен көптеген көнекөз қариялар секілді бірнеше жылдан бері ақшамды матрас астына салып жинаймын, банктерге сенбеймін. Біраз ақша жинадым. Алайда, мен банкноттар арасында ескі үлгідегілерінің болатынын ойламаппын. Қазір оларды жаңасына ауыстырып жатыр ғой. Ақшаларымның барлығын бірдей банкке апармай-ақ, банкноттардың қай жылы шыққандығын өз бетімше қалай анықтауға болады? 16 қараша 2011, 20:05 1 939 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылжымалы топты күтуден шаршады – Біздің ата-аналарымыз тыл ардагерлері. Жеке идентификациялық нөмір беруге байланысты жеке куәліктерді ауыстыру науқаны басталған кезде бізге әкімдіктен қоңырау шалып, қарт адамдарға ешқайда барудың қажеті жоқ екенін, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің өздері үйге келіп алып кететіндігін айтқан еді. Жылдың аяқталуына екі айдан кем уақыт қалса да үйлерімізге ешкім келген жоқ. Қарттар болса ЖИН болмағандықтан зейнетақыларын ала алмай қаламыз деп алаңдап отыр. Бәлкім, оларға күтудің керегі болмас, халыққа қызмет көрсету орталығына өздерінің барғаны жөн болар? 16 қараша 2011, 20:07 1 995 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұлғалардың өзара келісімі керек – Заңды тұлғалардың жеке тұлғалардан қарыз алуына бола ма? Және жеке тұлғалар қарыз бойынша сыйақы алуға құқылы ма? Мұндай қарыз беру қандай жағдайларда қолданылады? 9 қараша 2011, 19:02 2 659 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүргізушіні жаңылдырған белгілер – Сәтбаев – Тайманов қиылысында ескі қала жақтан келетін көлік, неліктен екені белгісіз, «Логиком» дүкені жақтан шығатын көлікке жол береді. Алайда ол жерде «Stop» және «Жол бер» деген белгілер орнатылған. «Анвар» супермаркетінің қасында «Жол бер» деген белгі тұрса да, Сәтбаев – Молдағұлова қиылысындағы жағдай дәл осындай. Неліктен оларға айыппұл салмайды? 9 қараша 2011, 19:07 2 689 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күйеуім мүлікті жасырыпты – Ажырасқан кезде күйеуіміз екеуміз ортақ мүлкімізді бөліске салған едік. Бірақ жақында осыдан екі жыл бұрын некеде тұрған кезімізде күйеуімнің маған айтпай жер учаскесін сатып алғанын және мүлікті бөлісу кезінде оны жасырып қалғанын білдім. Сондай-ақ, күйеуім екеуміз менің атыма көп сомада тұтынушы несиесін алған едік. Оны отбасы мұқтаждығы үшін жұмсадық. Бұрынғы күйеуім қазір осы несиені өтеуге көмектеспей отыр. Күйеуім сатып алған жер учаскесінің бір бөлігін ала аламын ба және бұрын отбасы мұқтаждығы үшін алынған несиені төлеуге қатысты мәселе қалай болмақ? 9 қараша 2011, 19:12 2 382 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бала мүддесі ескеріледі – Азаматтық некеде дүниеге келген балам бар. Ол бұрынғы азаматтық некедегі зайыбымның фамилиясын алған еді. Қазір баламның әкесі оның тәрбиесіне еш қол ұшын бермейді: алимент те төлемейді, баласына да келмейді. Тіпті оны қайдан іздерімді де білмеймін. Ол әкелік парызын атқармағандықтан, баламның фамилиясын өз атыма ауыстырғым келеді. Бұл мүмкін бе? 9 қараша 2011, 19:13 2 327 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кеден бәріне бірден «келісім» бермейді – Біз украиндық серіктестерімізден жүк алып отырамыз. Тауар шығарылған елді анықтау сертификаты немесе СТ-1 бірнеше вагонға тиелген тауарлардың бүкіл партиясына рәсімделеді. Кейде тауар бір уақытта келмейді, арасында оны вагонның толуына қарай жіберіп отырады. Біреуін бүгін толтырып тиеп жіберсе, келесі күні басқасын жібереді. Ал кеден түрлі уақытта келетін әр вагонның өз сертификаты болуын немесе тауардың бүкіл партиясының келіп болуын күтіп, содан соң кедендік процедураларды бастауымызды талап етеді. Бұл уақытша сақтау қоймасында тұрғаны үшін ақша төлеуіміз керек деген сөз. Егер сертификаты жоғалып қалған болса, тауардың келуіне қарай кедендік рәсімдеу жұмыстарын жүзеге асыра алам ба? 2 қараша 2011, 19:00 1 900 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тендерлерге жету жолы – Фирмамыз мемлекеттік сатып алулар жөніндегі тендерлерге қатыспақшы болған. Ол үшін бізге электронды кілт алу керек. Бұл қалай жасалады? 2 қараша 2011, 19:09 2 091 рет қаралды
Сұрақ-жауап “Ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз” – Мен Жұлдыз-3 ықшамауданынан жер алған едім. Әкімнің рұқсатын алу үшін Қайыршақты селолық округінің әкімдігіне бардым. Бірақ ондағылар маған рұқсат беруден бас тартып, қоқысты шығару келісім-шартына қол қоюға мәжбүрлеп отыр. Ол жерде түк те жоқ, тіпті жол да. Сонда бұл қаншалықты заңды болмақ? Әкімдіктегілер шешім шыққан наурыз айынан бастап, 5 000 теңге төлеуге тиіс екенімді айтты. Бірақ мен ол жерде тұрмаймын ғой, демек қоқыс та тастай алмайды емеспін бе? Не үшін төлемекпін? 2 қараша 2011, 19:11 2 240 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрмеңкелік жадынама – Біздің фирмамыз ресейлік серіктестеріміздің арнайы техникаларының сауда көрмесін өткізгісі келген. Ол үшін қандай құжаттар қажет және көрме өткізу тәртібі қандай? 2 қараша 2011, 19:14 2 515 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көлік көші – Мен Қырғызстаннан уақытша көлік әкелу құжатын рәсімдегім келген. Көлікті қандай мерзімде әкелуге болады және ол үшін қандай құжаттар керек? 2 қараша 2011, 19:18 2 127 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жиһаз салығы жайлы – Бірнеше жыл бұрын жаңа пәтерге көшетін болып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жиһаз сатып алуға барған едік. Сол уақытта ол жерде баға жеңілдіктерінің маусымы болып жатыр екен. Біз сол маусымға тап болып, жасаған саудамызға риза болдық. Енді тағы да барып, сіңліміздің жасауына жиһаз сатып алғымыз келген. Бірақ қазір Кеден одағының құрамына кірмейтін үшінші елдерден тауар әкелу тиімсіз деп естідім. Айтыңызшы, баж салығының мөлшерлемесі қаншалықты өзгерген? 2 қараша 2011, 19:21 2 015 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әлеуметтік көмек отбасылық табысқа байланысты - Осы жылғы 27 сәуірде материалдық көмек сұрап Атырау қалалық әкімдігіне құжаттар тапсырдым. Әкімдік құжаттарды қалалық жұмыспен қамту бөліміне жолдаған. Содан бері қарай 6 ай уақыт өтті. Құжаттың жағдайы белгісіз. Телефон шалғанымда «ақша бөлінбей жатыр, бөлінген соң үйге хабар береміз» деп жауап берді. Бірақ, осы уақытқа дейін ақшалай көмек әлі берілген жоқ. 27 қазан 2011, 17:49 2 465 рет қаралды
Сұрақ-жауап Су есептегішті өзіңіз ауыстырасыз - Ыстық және салқын су есептегіштерінің жарамдылық мерзімі қандай?Оларды ауыстырарда тұтынушы нені ескеру қажет? Ыстық су есептегішін «Атырау Су Арнасы» КМК-сы ауыстыра ма? Есептегіштер іші буланып тұрса, оны әрі қарай пайдалана беруге бола ма? Және есептегішті ауыстыру үшін «Атырау Су Арнасы» КМК тарапынан 1000 теңге төлеттіру не үшін қажет болды? 27 қазан 2011, 17:51 3 555 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пәтер ақшасын мемлекет төлейді - Менің балам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша колледжге оқуға түсті. Осы бағдарлама бойынша балама пәтер ақшасын беру керек екен. Ал сол пәтер ақшасын алу үшін біз қандай құжаттар тапсыруымыз тиіс? 27 қазан 2011, 17:55 2 037 рет қаралды
Сұрақ-жауап Биыл көпір салынбайды - «Атырау-ақпарат» КМК тұсынан жаяу жүргінші көпірі қашан салынады? 27 қазан 2011, 18:22 1 969 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеңілдіктерді мемлекеттік мекемелер ұсынады – Менің ата-анам Нұрсая мөлтек ауданында тұрады. Жақында подъездің есігінде«Қаланың тұрғынүйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» КМК-ның азаматтардың нақты бір санаттары бойынша жеңілдіктер ұсынылатындығы туралы хабарландыруды көрдім. Жеңілдіктер басқа ПИК-не неліктен ұсынылмайды? 26 қазан 2011, 19:25 1 920 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күйеуге шыққым келеді - Менің азаматтық некеде тұрып жатқаныма сегіз жыл болды. Жолдасыммен заңды некеге тіркелгім келеді. Заңды некеге тіркелейін десем, жолдасым бұрынғы әйелімен заңды түрде әлі ажыраспаған. Заңды некедегі әйелі 10 және13 жастағы екі баласымен Алматыда тұрады. Азаматтық некедегі күйеуім екі баласына соңғы екі жыл бойы алименттің 50 пайызын төлеп келеді. Ал алдыңғы алты жыл бойы төлемеуінің себебі– заңды некедегі әйелінің өзі алименттен ауызша бас тартқан болатын. Дәл осындай жағдайда заңды некеге тұруға бола ма? Және бұрынғы заңды некені қалай бұзуға болады? 26 қазан 2011, 19:27 3 199 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ешқандай бала жоғалған жоқ – Жақында екінші сынып оқушыларының ата-аналарынан мектептен балаларымызды алып кетуге және әкелуге өзіміз міндеттіміз деген өтінішке қол қоюымызды сұрады. Демек, баланың мектепке дейінгі және одан қайтып келу жолындағы барлық жауапкершілік ата-аналарға жүктелмек. Қалада 2009 жылғы болған оқиғадағыдай тағы да бір баланың жоғалғандығы туралы алып-қашпа әңгіме шықты. Бұл айтылған сөз шындыққа жанаса ма? Жоғалған бала табылды ма? 26 қазан 2011, 19:30 2 616 рет қаралды
Сұрақ-жауап Демалуға тура келеді – Мен декреттік демалыста 3 жылдай болып, 1 қыркүйекте жұмысқа шықтым. Жақында кәсіпорын әкімшілігі желтоқсан айында бір аптаға болса да еңбек демалысына шығуым керек екенін айтты. Өйткені мен декреттік демалыста болған кезде еңбек демалысы кестесі қайта жасалыпты. Ал менің кезегім жыл аяғына сәйкес келеді екен. Әрине, мен демалысқа шыққым келмейді. Біріншіден, жұмысқа шыққаныма көп болған жоқ. Екіншіден, қыста демалғанды ұнатпаймын. Сондықтан заңды негізде демалыстан бас тарта аламын ба? 26 қазан 2011, 19:33 2 454 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарағаевтың есігін қағасыз – Біздің Сәтбаев көшесіндегі 66-шы үйді «Эхин» ЖШС салды. Кезінде біз қаланың ПИК-нің біріне қосылғымыз келгенде құрылысшылар бізге құжаттарды берген жоқ еді. Ал, міне, күздің екінші айы да аяқталғалы жатқан шақта, біздің үйлеріміздің жылу жүйесін тазарту жұмыстары әлі жүргізілмей отыр. ПИК немесе үй басқарушысы да жоқ. Телефон арқылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарластық, ондағылар орын алған жағдайға байланысты ертерек хабарласу керектігін айтты. Енді біз не істей аламыз? 26 қазан 2011, 19:35 1 912 рет қаралды
Сұрақ-жауап Балабақшадағы орынымды ауыстырамын! – Мен өзім Алмагүл мөлтек ауданында тұрамын, бізге жақын маңда балабақша болмағандықтан баламды балабақшаға Жилгородокқа тасуға тура келеді. Алмагүл мөлтек ауданында балабақша қашан ашылады? Мен баламды жақын маңдағы балабақшаға ауыстыра алам ба? 26 қазан 2011, 19:28 3 508 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өндірістік жарақат деп нені айтуға болады? - Мен бұрын шетелдік компанияда жұмыс істедім. Екі жыл бұрын жұмысқа кетіп бара жатқанда оқыста аяғым тайып кетіп құлап, арқамды ауыртып алдым. Жұмыста жүріп омыртқамның ауырғанын сезініп, жүре алмай қалдым. Осылайша, үш ай емделіп жаттым. Ресейден де қаралдым. Осы басымдағы жағдайымды компания басшылығына жеткіздім. «Фастфуд» жағына ауыстыруын сұрасам, басшы «Істесең істе, әйтпесе шық» деді. Ал «Доктор плюс» клиникасының дәрігерлері сол кезде маған жеңіл жұмысқа ауыстыру туралы қағаз жазып берген болатын. Мен әлі күнге дейін ем алу үстіндемін. Осы жағдайда қандай әрекет еткенім орынды? 26 қазан 2011, 19:38 10 339 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кедендік одақ белгісімен – Кедендік одаққа кіруге байланысты кедендік транзит мерзімі ұзартыла ма? 19 қазан 2011, 17:55 2 345 рет қаралды
Сұрақ-жауап Денсаулық сақтау министрлігі ескертті ғой – Күйеуімді маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдей алам ба? 19 қазан 2011, 17:59 2 165 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ұжымдық шартты оқып көріңіз! – Өткен жылы біз құрбым екеуміз Қытайға емделу үшін барған едік. Онда құрбыма ота жасалды. Биылғы жылы да біз тағы да ем алуға және құрбым отадан кейін тексерілуге бардық. Қытайдан оралған соң өзіміздің кәсіпорынымыздың әкімшілігіне емделуге барған шығындарымыздың жартысын болса да өтеу үшін материалдық көмек беруін сұраған едік, бірақ, олар оны төлеуден бас тартты. Оған олар материалдық көмектің кейінгі күн датасымен жазылып берілмейтіндігін және барлық құжаттардың қытай тілінде жазылғандығын сылтау етті. Әкімшіліктің бұл әрекеті дұрыс па? 19 қазан 2011, 18:06 2 202 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алмагүлдегілер автобусқа алаңдаулы – Алмагүл мөлтек ауданындағы қоғамдық көлік қозғалысы қашан реттеледі? 19 қазан 2011, 18:07 1 943 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ильич шамы жанады – Атырау мөлтек ауданындағы К.Есенбай көшесінің бас жағы мен аяқ жағына ғана жарық берілген. Неге? 19 қазан 2011, 18:08 2 261 рет қаралды
Сұрақ-жауап Балаларға жаным ашиды - Көршілес тұратын жандардың балаларының жылап – сықтағанын естіген сайын көкірегім қан жылайды. Ол балалардың ата-аналары қашан көрсең де мас болып жүреді, балалары үнемі аш-жалаңаш қалады. Әрине, мен көршілері ретінде оларға арасында көмегімді беріп те тұрамын. Сол балаларға көмек көрсетілуі үшін мен қайда барып жолыққаным жөн? 12 қазан 2011, 18:39 2 881 рет қаралды
Сұрақ-жауап Нұрсаяда Назарбаев зияткерлік мектептері салынуда - Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебі қашан ашылады? Нұрсая ықшам ауданындағы «Мирас» және «Өркен» мектептерінің құрылысының Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысы бар ма? 12 қазан 2011, 18:43 10 236 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үмітіңізді үзбеңіз! - Біздің фирмамыз тоқырауға ұшырады, сол себепті барлық қызметкерлерді жұмыстан босатты. Менің дұрыс бір жұмысқа орналассам дегеніме жарты жылдан астам уақыт болды, әлі күнге дейін ол әрекетімнен ештеңе шығатын емес. 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасушылар қатарына қалай кіруіме болады? Ол үшін қайда барып жолығып, қандай құжаттар тапсыруым керек? 12 қазан 2011, 18:44 2 490 рет қаралды
Сұрақ-жауап Металл көлікжайларға қалада орын жоқ - Менің «Заман-нан» зауыты маңында, яғни, Авангардтағы 2-ші мөлтек ауданда орналасқан металл көлікжайым бар. Жақында маған осы көлікжайымды белгілі бір мерзім ішінде алып тастау жөнінде хабарлама келді. Оны мен сонда қайда апаруым керек және ол кімнің есебінен жүргізіледі? 12 қазан 2011, 18:45 2 181 рет қаралды
Сұрақ-жауап Маршрут бұрынғы бағытқа көшті – №3 автобус маршрутын неге өзгерткен? Қазір автобус Атырау мөлтек ауданына Молдағұлова көшесі бойымен «Арарат» кафесі маңымен өтіп, Жайық бағытына қарай барады. №31 мектеп пен салынып жатқан балабақша маңымен өтетін бұрынғы маршрутты қайтадан беруге бола ма? 12 қазан 2011, 18:46 1 933 рет қаралды