– Мен Қырғызстаннан уақытша көлік әкелу құжатын рәсімдегім келген. Көлікті қандай мерзімде әкелуге болады және ол үшін қандай құжаттар керек?
www.azh.kz сайтынан
«ЦТО-Ақ Жайық» кедендік бекетінің маманы Қуаныш ҚИСМЕТОВТІҢ айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстанның аумағынан көлік әкелу үшін көлікке сенімхат болуы керек, оны көліктің заңды қожайыны береді. Елімізге уақытша көлік әкелу мерзімі – 1 жыл. Осы мерзім өткен кезде сізге көлік әкелу үшін қайтадан рұқсат құжаттарын алу керек. Көлікті Қырғызстанда техникалық тексеруден өткізіп, қуаттылық салығын да сол жерден рәсімдеу қажет. Мұндай көліктерге қазақстандық көлік нөмірлері рәсімделмейді. Ол Қырғызстанның нөмірімен жүретін болады.