Атырау, 28 желтоқсан 23:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Үмітіңізді үзбеңіз!

2 359 просмотра

- Біздің фирмамыз тоқырауға ұшырады, сол себепті барлық қызметкерлерді жұмыстан босатты.  Менің дұрыс бір жұмысқа орналассам дегеніме жарты жылдан астам уақыт болды, әлі күнге дейін ол әрекетімнен ештеңе шығатын емес. 2020  жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасушылар қатарына қалай кіруіме болады? Ол үшін қайда барып жолығып, қандай құжаттар тапсыруым керек?

Телефон арқылы

Сауалға қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің жұмыспен қамту секторының бас маманы Гүлнәр ТҰРАШЕВА жауап береді. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы осы жылдың шілде айынан бастап жүзеге аса бастады. Бүгінгі күнге дейін 250 адам жұмысқа орналастырылды. Бүгінде әлеуметтік ақылы орындарға жұмысқа орналасам деп ниет білдіргендерді тізімге алу жүргізілуде. Мұндай қызметкерге еңбекақысының жартысын жұмыс беруші төлесе, екінші жартысын мемлекет төлейді. Сіз қалалық жұмыспен қамту бөліміне немесе Авангард-2 мөлтек ауданындағы жұмыспен қамту орталығына хабарласа аласыз. Өзіңізбен бірге жеке бас куәлігіңізді, ӘЖК және СТН, үй кітапшасын, еңбек кітапшасын, біліміңіз туралы дипломыңызды ала келуіңіз тиіс. Ал, оқимын және қайтадан оқимын дегендер тізіміне алу аяқталды, ол тек келесі жылы ғана жүргізілетін болады.

12 қазан 2011, 18:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.