Атырау, 28 желтоқсан 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Кеден бәріне бірден «келісім» бермейді

1 724 просмотра

– Біз украиндық серіктестерімізден  жүк алып отырамыз. Тауар шығарылған елді анықтау сертификаты немесе СТ-1 бірнеше вагонға тиелген тауарлардың бүкіл партиясына рәсімделеді. Кейде тауар бір уақытта келмейді, арасында оны вагонның толуына қарай жіберіп отырады. Біреуін бүгін толтырып тиеп жіберсе, келесі күні басқасын жібереді. Ал кеден түрлі уақытта келетін әр вагонның өз сертификаты болуын немесе тауардың бүкіл партиясының келіп болуын күтіп, содан соң кедендік процедураларды бастауымызды талап етеді. Бұл уақытша сақтау қоймасында тұрғаны үшін ақша төлеуіміз керек деген сөз. Егер сертификаты жоғалып қалған болса, тауардың келуіне қарай кедендік рәсімдеу жұмыстарын жүзеге асыра алам ба?

Телефон арқылы

Сұраққа «ЦТО-Ақ Жайық» кедендік бекетінің маманы Қуаныш ҚИСМЕТОВ жауап береді. «Тауар шығарылған елді анықтау ережесі туралы келісімнің 6-тарауының 6.4 тармағына сәйкес, СТ-1 формасы тауардың бір партиясына рәсімделіп, беріледі. Сертификат Кеден одағының кеден аумағына әкелінген тауарларды кедендік процедураға әкелу кезінде кедендік декларациямен және басқа құжаттармен бір уақытта ұсынылады. Сондықтан бір партияны кезеңмен рәсімдей алмайсыз. Сізге шынымен де бүкіл тауарлар партиясының келіп болуын күтуге тура келеді немесе бүкіл тауарларды бір уақытта жіберу үшін жеткізушілермен келісім жасау қажет. Сертификат жоғалған жағдайда оның ресми түрде куәландырылған дубликаты қабылданады».

2 қараша 2011, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.