Атырау, 28 желтоқсан 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қарағаевтың есігін қағасыз

1 770 просмотра

– Біздің Сәтбаев көшесіндегі  66-шы үйді «Эхин» ЖШС салды. Кезінде біз қаланың ПИК-нің біріне қосылғымыз келгенде құрылысшылар бізге құжаттарды берген жоқ еді. Ал, міне, күздің екінші айы да аяқталғалы жатқан шақта, біздің үйлеріміздің жылу жүйесін тазарту жұмыстары әлі жүргізілмей отыр. ПИК немесе үй басқарушысы да жоқ. Телефон арқылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарластық, ондағылар орын алған жағдайға байланысты ертерек хабарласу керектігін айтты. Енді біз не істей аламыз? 

Телефон арқылы

«Бұл жаңадан салынып біткен үй, жартысына әлі ешкім қоныстана қойған жоқ. Алайда, оған қарамастан үйдің жылу құбырларын шаю жұмыстары жүргізілуге тиісті. Сондықтан да үй тұрғындары қолдарындағы бар құжаттарымен бірге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне, тікелей осы бөлім бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА одан әрі қандай шара алу керектігін шешу үшін жолығулары керек»,- дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

26 қазан 2011, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.