Атырау, 28 желтоқсан 23:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Кедендік одақ белгісімен

2 193 просмотра

– Кедендік одаққа кіруге байланысты кедендік транзит мерзімі ұзартыла ма?

 www.azh.kz сайтынан

- Кедендік транзит мерзімі бұрынғыша қалады, яғни, 1 ай үшін екі мың шақырым есебін анықтайтын мерзімнен аса алмайды.

- Кедендік одақ аумағына шетелдік жеке тұлғалардың жеке қолданысы үшін көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімі қандай?

- Келу мерзіміне қарай, бірақ ол бір жылдан аспауы керек. Бұл мерзім КО-ның кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке қолданысы үшін тауарларды әкелу тәртібі және олардың шығу жылдарымен байланысты кедендік операциялардың жасалуы туралы Келісімі бойынша белгіленді.

- КО-да кедендік шекара арқылы, яғни, Кедендік одаққа кірмейтін елдерден жеке тұлғалардың жеке қолданысы үшін тауарларды әкелудің жеңілдік нормалары қандай?

- Жеке тұлғалар үшін әкелудің жеңілдік (тегін) нормалары 50 килограмнан, бұл жағдайда тауардың құны 1500 еуродан асып кетпеуі тиіс. Нормадан асқан жүк – 1 кг үшін 4 еуродан аспайтын тариф бойынша төленетін болады.

Сауалдың жауабын облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі ұсынып отыр.

19 қазан 2011, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.