Атырау, 10 ақпан 12:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Алмагүлдегілер автобусқа алаңдаулы

1 943 рет қаралды

– Алмагүл мөлтек ауданындағы қоғамдық көлік қозғалысы қашан реттеледі?

Арайлым Б.

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢбізге хабарлағанындай, оқырмандардың шағымы бойынша «қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» басқармасының мамандары «БатысТранспорт СИМ»  ЖШС-мен бірлескен тексеру жүргізді. Тексеру барысында №64 автобус маршруты бойынша бірқатар тәртіп бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды: адамдарды мөлшерден тыс отырғызу және автобус қозғалысы кестесінің бұзылуы орын алған. Жасалған акт кәсіпорын басшылығына жолданды. Бүгінгі күні қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі «Батыс-Транспорт СИМ» ЖШС басшылығымен бірлесе отырып автобус санын арттыру және олардың сыйымдылығын көбейту мәселелерін қарастыруда.

19 қазан 2011, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.