Атырау, 28 желтоқсан 23:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ұжымдық шартты оқып көріңіз!

2 080 просмотра

– Өткен жылы біз құрбым екеуміз Қытайға емделу үшін барған едік. Онда құрбыма ота жасалды. Биылғы жылы да біз тағы да ем алуға және құрбым отадан кейін тексерілуге бардық. Қытайдан оралған соң өзіміздің кәсіпорынымыздың әкімшілігіне емделуге барған шығындарымыздың жартысын болса да өтеу үшін материалдық көмек беруін сұраған едік, бірақ, олар оны төлеуден бас тартты.  Оған олар материалдық көмектің кейінгі күн датасымен жазылып берілмейтіндігін  және барлық құжаттардың қытай тілінде жазылғандығын сылтау етті. Әкімшіліктің бұл әрекеті дұрыс па? 

Телефон арқылы

Сауалға Әлеуметтік қорғау және бақылау министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бастығы Әліпқали ДАУЛЕТЬЯРОВ жауап береді.«ҚР Еңбек кодексінде кәсіпорын қызметкерлеріне материалдық көмек үшін төлемдер беру міндетті тәртіп бойынша қарастырылмаған. Ондай мәселелер тараптардың келісімі бойынша шешіледі. Кәсіпорын қызметкерлеріне өздерінің ұжымдық келісім-шарттарын мұқият оқулары керек. Егер еңбек шартында материалдық көмек төлемдерін  төлеу туралы жазылмаған болса, онда олар ақша ала алмайды»,- деп атап өтті ол.

19 қазан 2011, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.