– Атырау мөлтек ауданындағы К.Есенбай көшесінің бас жағы мен аяқ жағына ғана жарық берілген. Неге?
С. Кемалов
Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ берген мәліметі бойынша, қала көшелеріне жарық беру мәселесімен «МұнайҚұрылысСервис LTD» ЖШС айналысады екен. Осы мекемеге орын алған кемшілікті жою қажеттілігі жөнінде хат жолданды.