Атырау, 23 желтоқсан 11:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Бассейндегі бассыздық Басқа жаңалықтар

Бассейндегі бассыздық

Осыдан біраз уақыт бұрын "Мұнайшы" орталық жүзу бассейнінде жаттығып жүрген және жүзуден Атырау облысы құрамасының мүшелері болған балалардың ата-аналары бассейн басшылығына судың сапасына қатысты айтарлықтай наразылықтар білдірді. Олардың айтуынша, бассеиндегі суда хлордың көп болуына байланысты балалар дерматологиялық және аллергиялық аурулармен ауыра бастады. Ата-аналардың бассейн өкілдерімен «жылы» кездесуінде АЖ  тілшісі де қатысып, жүзгіштерден басқаларды да толғандыратын бұл мәселенің шешілу барысын бақылаған еді. Сурет 22 шілде 2019, 11:25 5 037 рет қаралды
Құлсары гүлдемей тұр Басқа жаңалықтар

Құлсары гүлдемей тұр

Биыл Құлсары қаласын көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 50 млн қаржы бөлініп, конкурста 35 млн теңгеге ұсыныс берген «Азамат» ЖК ұтып алған. Мердігерлік талап бойынша жеке кәсіпкер осы жұмыстарды 5 маусым мен 5 қазан аралығында атқарып, бөлінген ақшаның 10 млн теңгесі гүл егуге, қалғанын тал-теректің күтіміне жұмсалуы тиіс болған. Алайда жұмыстар әлі басталған жоқ. Сурет Бейнежазба 22 шілде 2019, 17:08 8 375 рет қаралды
Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді Басқа жаңалықтар

Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді

Биыл облыстық бюджеттен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны әлеуметтік қолдау үшін 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Әрбір тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 миллион теңгеден артық емес мөлшерде болады. Бұл туралы брифингте Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ мәлімдеді. 20 шілде 2019, 19:58 3 259 рет қаралды
Газ төңірегіндегі толқулар Басқа жаңалықтар

Газ төңірегіндегі толқулар

Мұнайлы астананың автокөлік иелері бір апатадан бері газ тапшылығын сезінуде. Жанармай бекеттерінің бірінде көгілдір отын мүлдем жоқ болса, енді бірінде, жүргізушілердің айтуынша, баға 55-тен  90 теңгеге дейін шарықтап кеткен. «АЖ» тілшісі бұған көзін жеткізу үшін бірнеше жанармай бекеттерін аралап шықты. Бейнежазба 19 шілде 2019, 10:37 3 883 рет қаралды
Өзіңдікі болса, алып кет Басқа жаңалықтар

Өзіңдікі болса, алып кет

Қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, одан қылмыстық жолмен табылған 30 түрлі бұйымды тәркіледі. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді табу үшін тағы да әлеуметтік желілерге жүгінді. 19 шілде 2019, 11:08 2 701 рет қаралды
Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды Басқа жаңалықтар

Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мәселесі шешілгенше, Атырау полициясы осы көліктердің ереже бұзған жүргізушілерін жауапкершілікке тарту жолдарын іздестіріп, тауып та жатыр. 19 шілде 2019, 13:25 4 066 рет қаралды
Премьер-министр Мамин Атырауға келді Басқа жаңалықтар

Премьер-министр Мамин Атырауға келді

17 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.  Үкімет басшысы облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Соның ішінде  АМӨЗ, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Шеврон» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлары зауытына барды.  «Ұлттық өнеркәсіптік мұнай-химия технопаркі» СЭА жұмысымен де танысты. Кеште ТШО ғимаратында ол мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 11:21 5 173 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу

№2 қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот процесі жалғасуда. Осы отырыста алдымен жәбірленушінің тағы бір өкілі тыңдалып, содан кейін куәгерлерге сөз берілді - іс бойынша олардың саны 30-ға жуық, бұдан да көбеюі мүмкін.     Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 16:25 4 314 рет қаралды
Су – тілсіз жау Басқа жаңалықтар

Су – тілсіз жау

Атырау облысында соңғы 6 айда 18 адам судың құрбаны болды. Оның ішінде 6 жағдай суға шомылу маусымы кезінде орын алған. Бұл қайғылы дерек Атырау облыстық ТЖД ұйымдастырған пресс-тур барысында айтылды. Журналистер құтқарушылармен бірге катермен Жайық өзені бойымен жүріп, адамдардың көп жағдайда бейғам, мұндай жамандық өздерінен аулақ жүретіндей сезінетіндеріне көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 17 шілде 2019, 11:18 6 955 рет қаралды
Атырау облысында жарты жылда не істелді Басқа жаңалықтар

Атырау облысында жарты жылда не істелді

16 шілдеде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дамуы туралы айтты. Көрсеткіштерге қысқаша тоқтала кетейік. Толықтырылды 17 шілде 2019, 11:52 2 922 рет қаралды
Күндіз пара, кешке субсидия Басқа жаңалықтар

Күндіз пара, кешке субсидия

№2 Атырау қалалық соты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қисмеден ЖАНҚУАТОВҚА қатысты үкім шығарды. Ол шаруа қожалықтары иелеріне "Агробизнес-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия беруге оң шешім шығару үшін пара сұраған деп айыпталды. 17 шілде 2019, 16:15 2 737 рет қаралды
«Жаңа» паспорт та көмектеспеді Басқа жаңалықтар

«Жаңа» паспорт та көмектеспеді

2018 жылы Атырау облысында 56 мың 864 шетелдік тіркелген, оның 7 мыңнан астамы алыс шетелдерден, қалғандары ТМД елдерінен келген. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат ДОСҚАЛИЕВ хабарлады. 16 шілде 2019, 10:39 2 711 рет қаралды
Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр Басқа жаңалықтар

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр

Атырау қаласының әкімдігі, мемлекеттік кірістер департаменті, жергілікті полиция қызметі және қалалық тұрғын үй инспекциясы бірлесіп, мұнайлы астанада пәтерді заңсыз жалға берушілерді, яғни, пәтерін жалдап, бірақ, мемлекетке салық төлемей отырғандарды анықтау бойынша рейд жүргізді. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2019, 11:38 5 415 рет қаралды
Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны Басқа жаңалықтар

Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен хат алмасып, эпистолярлық қарым-қатынас жүргізгеннен кейін біз олардан бөлек басқа бір әлемде өмір сүріп жатырмыз-ау деген пайымға келдім. Біз және оқырмандарымыз тұратын әлемде дәрігерлер, тегін дәрі-дәрмектер жетіспейді, салалық маманға қаралу үшін алдын ала жазылсаң да, кезекті апталап күту керек. Ал Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жазбаша жауаптарында Грециядағы сияқты: бәрі бар. Жергілікті емханалар салалық мамандармен толық қамтылған, барлық препараттар жеткілікті, ешқандай дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. 16 шілде 2019, 13:28 4 010 рет қаралды
Төртінші қатардан секіргісі келген қызды үш жігіт тоқтатты Басқа жаңалықтар

Төртінші қатардан секіргісі келген қызды үш жігіт тоқтатты

15 шілдеде күндіз Атырауда бойжеткен көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп, өмірмен қош айтыспақ болды, алайда, оған полицеймен бірге сол маңда болған жігіттер жол бермеді. Бейнежазба 16 шілде 2019, 17:36 3 740 рет қаралды
Әуежай шотынан ақша ұрлаған «хакер» ұсталды Басқа жаңалықтар

Әуежай шотынан ақша ұрлаған «хакер» ұсталды

Атырау қалалық №2 соты «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-тың екінші деңгейлі банктердің біріндегі шотынан 12 миллион теңге ұрлаған осы мекеменің 23 жастағы инженер-бағдарламашысына қатысты үкім шығарды. 15 шілде 2019, 17:03 2 656 рет қаралды
Қытайлық құрылысшы айыппұлмен құтылды Басқа жаңалықтар

Қытайлық құрылысшы айыппұлмен құтылды

Маусым айының соңында әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында тас жол салып жатқан «Howo» ауыр жүк көлігі мен жүк тиегіш көрсетілген бейнежазба тарады. «Жүк көлігінде де, тиегіш машинада да қытайлықтар, ал жергілікті халық жұмыссыз отыр» деген кадр сыртында дауыс естіледі. Қазіргі интернеттің күштілігі сол бұл ролик сот шешімін қабылдауға себеп болды. Бұған дәл сол уақытта Теңіздегі қазақстандық жұмысшылар мен шетелдіктер арасындағы қақтығыстың да әсері болғанын жоққа шығаруға болмайтын шығар. Бейнежазба 15 шілде 2019, 17:42 5 147 рет қаралды
"Ақжайық" резерватында қамыс өртенді Басқа жаңалықтар

"Ақжайық" резерватында қамыс өртенді

Атырауда дәстүрлі "түтінге орану маусымы" ашылды. Бүгін, 15 шілдеде "Ақжайық" табиғат қорғау резерваты аумағында қамыс тұтанды. "АЖ" тілшісі "Ақжайық" МТР басшысының орынбасары Асхат ҚАРАБАЛИЕВКЕ хабарластық. Толықтырылды Сурет 15 шілде 2019, 22:33 4 499 рет қаралды
Еркінқала шаруалары су сұрайды Басқа жаңалықтар

Еркінқала шаруалары су сұрайды

Атыраудағы Еркінқала ауылдық округының дихангерлері өз егін алқаптарына су жеткізетін «Зарослый» арнасының тартылып бара жатқанына алаңдаулы. Осыған байланысты Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НАУТИЕВ осы жерге келіп, жиналыс өткізді. Оған орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының, «Ақжайық» табиғат қорғау резерватының және «Қазсушар» РМК қызметкерлері қатысты.  13 шілде 2019, 14:17 3 948 рет қаралды
Атырау аялдамаларындағы электрондық тақталар алынады Басқа жаңалықтар

Атырау аялдамаларындағы электрондық тақталар алынады

Қалалық биліктің тағы бір жобасы сәтсіз аяқталды.  Дегенмен, 39 млн теңге тұратын электрондық таблолардың ұзаққа бармайтыны басында-ақ белгілі болған еді. Кейін істемей жатып бұзылған тақталарды жандандыруға қосымша қаражат жұмсалса да, еш көмегі болмады. 13 шілде 2019, 18:16 4 115 рет қаралды
Теңіз жаңғырығы: белгісіз біреулер желіге тағы да жалған сурет таратқан Басқа жаңалықтар

Теңіз жаңғырығы: белгісіз біреулер желіге тағы да жалған сурет таратқан

Жұмысының рұқсат құжатын жоғалтып алған Жанар АБЛАЕВА мұның әлеуметтік желілерде сұмдық жағдайға ұласатынын білмеген еді.  Енді ол прокуратураның, полицияның және соттың көмегімен өзі туралы жалған өсек-аяң таратып жіберген интернет пайдаланушыларды жауапқа тартуға әзір. Сурет 12 шілде 2019, 12:06 8 968 рет қаралды
Атыраудағы қоғамдық көлік карталық жүйеге көшеді Басқа жаңалықтар

Атыраудағы қоғамдық көлік карталық жүйеге көшеді

1 қыркүйектен бастап Атырауда қоғамдық көлік жолақысын электрондық төлеу жүйесін енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы брифингте «Смарт Атырау» КМК директоры Әділбек ТАҢҚИЕВ хабарлады. Қалалық қоғамдық көлік паркінде қазір 27 маршрутқа қызмет көрсететін 180 автобус бар. 17 бағытқа жүретін автобустарға электрондық валидаторлар орнатылған. Басқа авткөліктерді шілденің аяғына дейін осылай жарақтандыру жоспарланған. 12 шілде 2019, 14:24 3 479 рет қаралды
Жолаушымен жанжалдасқан кондуктор жұмыстан кетті Басқа жаңалықтар

Жолаушымен жанжалдасқан кондуктор жұмыстан кетті

Бүгін, 12 шілдеде әлеуметтік желілерде Атыраудағы №4 маршрут автобусының кондукторы мен жолаушысы арасындағы қол жұмсауға дейін барған жанжалдың видеосы тарады. Бейнежазба 12 шілде 2019, 14:51 4 108 рет қаралды
 Атырауда Балықшылар мерекесі тойланды Басқа жаңалықтар

Атырауда Балықшылар мерекесі тойланды

Бүгін, 12 шілдеде Атырауда Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні тойланды. Мерекелік шара дәстүр бойынша таңғы 6:30-да орталық көпір маңында Жайықтан әуесқой балық аулаудан басталды. Ал 9:30-да «Атырау» шипажайы тұсындағы жағалауда бекіре тұқымдас балықтардың шабағын өзенге жіберу рәсімі өтті.  Сурет Бейнежазба 12 шілде 2019, 19:13 5 754 рет қаралды
Автобусқа енді еркін кіреді Басқа жаңалықтар

Автобусқа енді еркін кіреді

Жақында Атырауда кондиционер, бейнекамералар, сандық және ақпараттық таблолармен, ең бастысы - мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен жабдықталған қытайлық жаңа Ankai жолаушылар автобустары Атырау маршруттарында жүре бастады. Осыған орай біздің оқырманымызға таныс арбадағы Гүлназ ҚОСМЫРЗИЕВА мен Есбол БАЛАБАЕВ көзі көрмейтін достары Айбек ИДАЯТОВТЫ және «АЖ» тілшісін өздерімен бірге алып шығып, осы автобустарды сынамақ болды. Сурет Бейнежазба 10 шілде 2019, 10:26 3 202 рет қаралды
Емдеуге уақыт жоқ Басқа жаңалықтар

Емдеуге уақыт жоқ

Біздің елімізде денсаулық сақтау саласынан басқа түрлі реформалар жиі жасалатын саланы табу қиын. Бүгінгі таңда қазақстандық медицина қалаларда көпбейінді емдеу мекемелерін құру секілді тағы бір оңтайландыру жолына көшпек. Атырауда бірқатар стационарларды, соның ішінде, облыстық аурухана, облыстық перинаталдық орталық және кардиология орталығын біріктіру жоспарланып отыр. 10 шілде 2019, 11:59 3 773 рет қаралды
"Көрмесем де, жақсы естимін - сөз көп, іс жоқ" Басқа жаңалықтар

"Көрмесем де, жақсы естимін - сөз көп, іс жоқ"

Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мүгедектер проблемасы қаралды. Көзі көрмейтін зағип жанның «Құлағым жақсы естиді, осы жерде естігенімнің бәрі тек пессимизм тудырады!» деген сөзі жиынға қатысушыларға біраз ой салған шығар. Сурет Бейнежазба 9 шілде 2019, 11:24 3 939 рет қаралды
Қағаз көшірменің ақыры және куәлік алудың қиындығы Басқа жаңалықтар

Қағаз көшірменің ақыры және куәлік алудың қиындығы

2018 жылы Полиция департаментінде 9671 жүргізуші куәлігі берілсе, өткен жылдың желтоқсан айында Атырауда автокөлік иелері үшін ашылған арнайы ХҚКО-да биыл 33-і ғана берілген. Арасы жер мен көктей болған осы екі сан және орталықтың басқа да қызметтері туралы «“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау филиалының директоры Мұса ХАЙРУЛЛИЕВПЕН болған сұхбатта айтылды. Сурет 9 шілде 2019, 12:55 3 438 рет қаралды