Атырау, 24 қараша 03:25
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Ақжайық" резерватында қамыс өртенді

Толықтырылды Сурет
4 359 просмотра

Атырауда дәстүрлі "түтінге орану маусымы" ашылды. Бүгін, 15 шілдеде "Ақжайық" табиғат қорғау резерваты аумағында қамыс тұтанды. "АЖ" тілшісі "Ақжайық" МТР басшысының орынбасары Асхат ҚАРАБАЛИЕВКЕ хабарласты.

- Иә, қазір біздің резерват аумағы өртеніп жатыр. Бұл батпақты жер, сондықтан өрт сөндіру техникасы отқа жақындай алмайды.

- От қалай тұтанған?

- "Солтүстік Каспий мұнай төгінділеріне әрекет ету экологиялық базасы" қызметкерлерінің айтуынша, кеше жауын кезінде құрғақ қамысқа найзағай түскен. Бүгін сол бықсып, қамыс өртенді.

- Өрт нешеде басталды?

- 12.30 шамасында. Қазір өртпен күреске біздің күшіміз ғана емес, ТЖД қызметкерлері де қатысып жатыр. Төрт машина сөндіруде, бірақ нәтиже жоқ. 

Естеріңізге салсақ, теңіз жағасындағы қамыс үнемі өртеніп, Атырауды түтін басып жатады. Өткен жылғы жазда мұнайлы астана екі күн түтінге оранған еді.

Келесі күні кешке қарай Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өрттің сөндірілгені жөнінде хабарлады.

- Резерват аумағындағы өрт 23 гектар жерді құрады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, қайтадан өртті болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде,Өрт салдарынан флора мен фауналар өкілдері зардап шеккен жоқ,- дейді "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы Ғани АҒЫБАЕВ.

Өртті жоюға "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының 35 инспекторы, ТЖД 22 өрт сөндіруші, Солтүстік Каспий экологиялық әрекет ету базасының 12 қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ резерваттан "УАЗ" маркалы 2 арнайы шағын көлемді машина, 5 жеңіл машина және МТЗ-82 маркалы 1 трактор және 3 мотопомпа жұмылдырылды. ТЖД 3 бірлік арнайы техника, СКЭБР - 2 бірлік арнайы техника берді.

Фархат АБИЛОВ

Суретті түсірген автор

15 шілде 2019, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.