13 шілдеде кешкі 21:30 шамасында Атырау орталығындағы «Zaman» тұрғын үй кешенінің құрылысында 24 жастағы «BI GROUP» компаниясының жұмысшысы қайтыс болды, оны жоғарыдан құлаған тұрба басып қалған.
Облыстық ауруханаға жеткізілген жас жігітке дәрігерлер оған ашық бас-ми жарақаты деген диагноз қойды. Алайда дәрігерлер өмірін құтқара алмады. Сол сәтте оның қасында болған тағы бір жұмысшының жүрегі ауырып, ол да ауруханаға жеткізілген.
- Иә, осындай төтенше жағдай орын алды, - деп растады мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ. – Біз комиссия құрып, мән-жайды анықтайтын боламыз.
Фархат АБІЛОВ
Суретті түсірген автор