Атырау, 24 қараша 15:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еркінқала шаруалары су сұрайды

3 773 просмотра


Атыраудағы Еркінқала ауылдық округының дихангерлері өз егін алқаптарына су жеткізетін «Зарослый» арнасының тартылып бара жатқанына алаңдаулы. Осыған байланысты Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НАУТИЕВ осы жерге келіп, жиналыс өткізді. Оған орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының, «Ақжайық» табиғат қорғау резерватының және «Қазсушар» РМК қызметкерлері қатысты.  

Атырау әкімдігінің деректері бойынша, осы арна арқылы 18 шаруа қожалығына су жеткізіледі. Осыған дейін суаруға қатысты бұл жерде қиындықтар болмаған еді. Алайда биылдан бастап арна тартылып, сорғылар егін алқаптарына қажетті суды тарта алмай отыр. Осы жайт шаруаларды қатты алаңдатып отыр.    


- Бізге Еркінқала ауылдық округында көкөніс өсіретін шаруалар көмек сұрап хабарласты. Бұл мәселені шешу үшін қажетті шараларды жүзеге асырамыз, - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ.

Суарудың балама көздері ретінде «Перетаска» мен «Бухарка» арналарын пайдалану туралы шешім қабылданды. Бұл үшін қолданыстағы су құбырын үлкен су көлемін өткізе алатын үлкен диаметрлі құбырлармен алмастыру жоспарланды. Сонымен қатар, «Приморский» арнасынан суаруға арналған су құбырын тартуға қаржы сұралмақшы.  

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді Атырау әкімінің баспасөз қызметі ұсынды

13 шілде 2019, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.