Атырау, 24 қараша 14:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында жарты жылда не істелді

Толықтырылды
2 782 просмотра


16 шілдеде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өңірдің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дамуы туралы айтты. Көрсеткіштерге қысқаша тоқтала кетейік.

ЭКОНОМИКА

Спикер Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын оң қарқынды деп сипаттады.

- Бірінші кезекте өңір экономикасының өсуіне мұнай-газ секторы, соның ішінде индустриялық-инновациялық даму жобаларының әсері мол. Өткен төрт жылда жалпы сомасы 3,17 трлн теңгеге 35 жоба жүзеге асырылды. Бұл 3,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

КОММУНИКАЦИЯЛАР

Қазіргі уақытта облыс халқының 98,4 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ендігі 10 елді мекенде газдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш 99,5 пайызды құрайды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,3 млрд. теңгені құрады. 2,8 мың гектар жер тамшылатып суарумен қамтамасыз етілді - бұл барлық егіс алқаптарының үштен бірінен астамы.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жергілікті бюджеттен жыл сайын ауылдық кәсіпкерлерді жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша несиелендіруге қаражат бөлінеді. 2013-2019 жылдары осы мақсатқа 2 млрд 357 млн теңге бөлінді, 416 бизнес-жоба қаржыландырылды.

ТҰРҒЫН ҮЙ

Жыл басынан бері облыста 378,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері үшін 297 пәтерлік 4 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 3395 пәтері бар 40 тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

Сессияның соңына таман Нұрлан Ноғаев Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Ернар БАСПАЕВ ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына ауысуына байланысты жұмыстан кеткенін хабарлады. Айта кетсек, Баспаев 2013 жылдан бері облыс әкімі аппаратын басқарды. Орны әзірге бос тұрған болу керек.   

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмагүл БАЙМАҒАМБЕТОВА өз қалауымен жұмыстан кетті. Облыс әкімінің өкімімен басқарманың жаңа басшысы болып Әйгерім ЖҰБАНАЛИЕВА тағайындалды. Ол Батыс Қазақстан облысының тумасы, сол өңірдің құрылыс басқармасында бөлім басшысы, мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. 2016-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында түрлі лауазымдарда қызмет етті.  Бүгінгі тағайындауға дейін басқарма басшысының орынбасары болды.    

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА 


17 шілде 2019, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.