Атырау, 24 қараша 16:12
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жол жұмыстарына кедергі ағаштарды кесіп жатырмыз»

Бейнежазба
2 938 просмотра


«АЖ» редакциясының поштасына Бейбарыс даңғылы бойында жерсініп өсіп қалған теректерді белгісіз біреулердің кесіп жатқаны түсірілген бейнежазба келді.

«АЖ» бұл жағдайға қатысты түсінік беру үшін облыстық әкімдіктің баспасөз  қызметіне сауал жолдады. 



Жауап қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қуандық ҚАСЫМОВТАН  келді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қалада Құрманғазы және Бейбарыс көшелерін кеңейту жоспарына байланысты Амандосов көшесінен Махамбет көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Қазір құрылысшылар жол жұмыстарына кедергі келтіретін, атап айтсақ, жол бойындағы талдарды кесу секілді дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ағаштарды қайта отырғызудың мынадай ыстықта еш мәні жоқ, олар жерсініп алып кете алмайды, сондай-ақ кейбір қара ағаштар қурап қалған, – дейді Қасымов.

Жолды кеңейту  жобасы аясында осы көшеге түрлеріне қарай биіктігі 1,5-2,5 м болатын және  жасы 2-3 жылдық 2400 терек отырғызылатын болады. Барлық көшеттер жергілікті тәлімбақтан алынған және сәйкестік сертификаттары бар.

– Бұдан басқа топырақтың  хлорлы тұздылығын анықтау үшін зертханаға сынама жіберілді. Бұл тұздылық осы учаскедегі теректердің  қурап кетуінің негізгі факторы.  Na(K)Cl – хлорлы тұздың жоғары шоғырлануы жер асты суларының жақын орналасқандығына байланысты, сәйкесінше бұл жерлерде ағаштар дұрыс өспейді, сондықтан да көшеттердің тұзға шыдамды түрлерін отырғызу жоспарланып отыр, – деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімдігінің Телеграмм чат-каналында және әлеуметтік желілерде біршама өсіп қалған ағаштардың кесілуіне наразылық танытқан пікірлердің көп болғанын атай өткеніміз жөн болар.

Анастасия АЛЮШИНА

Куәгерлер жолдаған бейнежазбалар

 

21 шілде 2019, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.