Атырау, 24 қараша 14:50
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Төртінші қатардан секіргісі келген қызды үш жігіт тоқтатты

Бейнежазба
3 501 просмотра


15 шілдеде күндіз Атырауда бойжеткен көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп, өмірмен қош айтыспақ болды, алайда, оған полицеймен бірге сол маңда болған жігіттер жол бермеді.

- «102» нөміріне қоңырау шалған ер адам төртінші қабаттағы терезе алдына шығып алған қыз туралы хабарлады. Мекенжай бойынша бірнеше экипаж жолға шықты, бірінші болып полиция сержанты Нұрланбек ТӨЛЕГЕНОВ жетті. Жағдайды бағдарлап алған ол көрші пәтерге жүгіріп кіріп, басқа терезе арқылы бойжеткенге төменге қарай секіруге кедергі келтіре бастады, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

- Терезе алды сырғанақ болды, мен аяқ киімімді шешіп, жалаң аяқ терезенің ернеуіне шығып, қыз отырған терезеге қарай жетсем деп тырысып көрдім, - дейді Нұрланбек. – Сол сәтте маған көшеден екі жігіт көмекке ұмтылды.

Есенбай ҚАЙЫРОВ сол күні көлігін қаратуға КЖО-ға бара жатқан. Секірмек болған қызды көрген ол көмектесуге асығады. Ол кездейсоқ екі жігіттің көмегімен көрші балконнан қыз отырған терезеге секіріп кіріп, бойжеткенді тоқтатты.

- Мен осы үйдің жанындағы дүкенде жұмыс жасаймын. Шуды естіп, жүгіріп келдім де әлгі қыздың терезесінің астындағы пәтердің терезесінен шығып, кедергі келтіруге тырыстым, - дейді оқиғаның тағы бір қатысушысы Микаил КАТАРОВ.


Үш жігіт жұмыла жүріп, өзін өлтірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды. Сол күні кеште-ақ, полиция департаменті басшысының тапсырмасы бойынша  Есенбай Қайыровқа және Микаил Катаровқа қалалық патрульдік құрамының алдында алғыс хат табыс етілді.  

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті Атырау облысы ПД баспасөз қызметі ұсынды

16 шілде 2019, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.