Атырау, 24 қараша 14:37
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әуежай шотынан ақша ұрлаған «хакер» ұсталды

2 531 просмотра


Атырау қалалық №2 соты «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-тың екінші деңгейлі банктердің біріндегі шотынан 12 миллион теңге ұрлаған осы мекеменің 23 жастағы инженер-бағдарламашысына қатысты үкім шығарды.

- Полицияның желілік бөлімінің кезекшісіне 25 сәуірде «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-қа тиесілі шоттан 12 млн теңге ұрланғаны жөнінде хабарлама түсті. Шұғыл-іздестіру шаралары барысында ұрлықты әуежайдың инженер-бағдарламашысы жасағаны анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Тергеу барысында анықталғандай, «хакер» Атырау халықаралық әуежайы шотынан ақшаны танысының атына ашылған шотқа аударып, сол күні түсіріп алған. Іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-тармағы (Аса ірі көлемде ұрлық) бойынша жүргізілді.    

Сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.  

Фархат ӘБІЛОВ

15 шілде 2019, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.