Қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, одан қылмыстық жолмен табылған 30 түрлі бұйымды тәркіледі. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді табу үшін тағы да әлеуметтік желілерге жүгінді.
Тәркіленген заттардың ішінде зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар, қол сағаттар мен құрылыс құралдары бар.
- Өз мүлігіңізді танысаңыз, №2 ҚПБ-ға хабарласыңыз. Бірақ алдымен "102", 98 33 02, 98 33 99 нөмірлі телефондарға қоңырау шалғаныңыз дұрыс. Мүліктің өзіңіздікі екенін растайтын құжаттарыңыз болуы керек, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды