Атырау, 24 қараша 14:20
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау аялдамаларындағы электрондық тақталар алынады

3 881 просмотра


Қалалық биліктің тағы бір жобасы сәтсіз аяқталды.  Дегенмен, 39 млн теңге тұратын электрондық таблолардың ұзаққа бармайтыны басында-ақ белгілі болған еді. Кейін істемей жатып бұзылған тақталарды жандандыруға қосымша қаражат жұмсалса да, еш көмегі болмады.

Олар Атыраудың қоғамдық көлігін «ақылды» ету бағдарламасы аясында орнатылды. Бағдарламада бірнеше маңызды шарттар болды: барлық автобустарды GPS-тректермен және автоақпараттандыру аспаптарымен жабдықтап, осы құрылғылар арқылы түскен деректер тораптық аялдамаларда ақпараттық таблоларға жіберіледі деп жоспарланған. Осылайша, жолаушылар қанша минуттан кейін қажетті маршруттың келетінін біліп отырады. Сонымен қатар электрондық жүйе жергілікті уақыт пен ауа температурасын көрсетіп тұрды. Олар 2016 жылдың басында қондырылды, бірақ табло экранындағы көрсетілген уақыт автобустардың нақты келу мерзіміне сәйкес келмегенін байқаған қалалықтар талай наразылық білдірді. Сол кезде қалалық ТКШ бөлімінің мамандары бұл олқылықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстарының әлі аяқталмағанынан және бағдарламалық өнімнің бір жүйеге толық келтірілмегендігімен байланысты деп түсіндірді. Кейін шенеуніктер барлық автобустардың бағдарлық GPS қондырғысымен толық қамтылмаған, ал уақыттың сәйкес келмеуін ғаламтор жүйесіндегі ақаулар кінәлі деді. Табло жұмысын қамтамасыз етумен айналысқан алматылық «Акцент» ЖШС-нің басшысы Ләззат ҚҰСПАН ғаламтордағы ақаудан басқа тасымалдаушының жұмысты дұрыс ұйымдастырмағандығын алға тартады. Олар арасында автобустарды бір марштруттан түсіріп, екінші маршрутқа қосып жібереді екен. Мысалы, №30 маршрутқа шыққан автобус жүйеде сол маршрутта тіркеледі, оператор да оны сол маршрутта деп көреді, ал оны басқа маршрутқа қосып жібереді. Мұндай жағдайда трекерге де соған сәйкес өзгеріс енгізу қажет. Автотасымалдау диспетчерлері мен жүргізушілер мұндай өзгерістерді енгізбей, шатасып кетпеу үшін жәй қондырғыны өшіре салуы мүмкін, - деді Құспан.

Нәтижесінде электр қуаты, интернет және үнемі қызмет көрсетуді қажет ететін табло бастапқы кезден-ақ пайдасыз метал қаңқасы болды. Мен «Жолаушылар көлігін диспетчерлендіру жүйесін» әзірлеген «KazInterSoft» компаниясының директоры Әділбек НҰҒМАНОВТАН басқа өңірлерде жақсы жұмыс жасап тұрған жүйе Атырауда неге дұрыс іске аспай жатыр деп сұрадым. Ол адами факторға байлансты деп ойлайды. 

Сонымен, үш жыл бойы сәтсіз әрекеттерден кейін «Смарт Атырау» таблоның жұмысын тоқтатуды шешті. Ақыры іске қосылмаған таблолардың тағдыры туралы «Смарт Атырау» КМК директоры Әділбек ТАНКИЕВ: «олар жөндеуге келмейді, сондықтан көшеден алып тастаймыз» деп кесіп айтты.     

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 шілде 2019, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.