Атырау, 24 қараша 08:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр

Сурет Бейнежазба
5 301 просмотра


Атырау қаласының әкімдігі, мемлекеттік кірістер департаменті, жергілікті полиция қызметі және қалалық тұрғын үй инспекциясы бірлесіп, мұнайлы астанада пәтерді заңсыз жалға берушілерді, яғни, пәтерін жалдап, бірақ, мемлекетке салық төлемей отырғандарды анықтау бойынша рейд жүргізді. 

- Көпқабатты үйлердің тұрғындары бізге тәулікке жалға берілетін пәтерлерде, түн болса болды, айқай-шу басталады деп шағымданады, - дейді Атырау ҚПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Шыңғыс МАРАТ. – Хаттама толтырамыз, алайда, келесі күні сол пәтерге басқа клиенттер келеді де, жағдай тағы да қайталанады.

Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша, жыл басынан бері Атырауда пәтерлерін тәулікке жалға беретін 5 ЖК тіркелген. Әрине, мұның теңіздің тамшысындай екендігі белгілі. Бұған қарағанда пәтерлерін ұзақ мерзімге жалға беретіндердің саны көп: салық органдарына тіркелгендері – 159.


...Алғашқы болып бас тіреген нысан – Азаттық 46. Салықшылар бұл үйде салық төлемей, тәулікке және сағатқа жалға берілетін кем деген де 3 пәтер бар екендігін біліп отыр. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл бірнеше жылдар бойы жалғасып келеді екен және  «сағатқа» берілетін пәтерлерден жағымсыз дауыстардың  да шығатынын жасырмады. Рейд барысында есік ашқан сол пәтерлердің біріндегі жағдай басқаша болды. Әйел адам қызының пәтерінде баласы екеуі уақытша тұрып жатқанын айтты. Ал қалған екі пәтердің есігін ешкім ашпады, бәлкім ешкім жоқ болды немесе ашқылары келмеді.

«Рубин» артындағы «Премьер-сити» үйлерінен көптеген пәтер жалға беріледі екен. Олардың бірінен көпке дейін ешкім есігін ашпады, кейін 35-тер шамасындағы әйел есік ашты. Бастапқыда ол туысқанының пәтері деп сендірігісі келгенімен артынша жалға алып отырғанын айтты. Полицейлер үй қожайынының мәліметтері жазылған түсініктеме алып алды, енді жалға берушіні айыппұл күтіп тұр.  


- Атырауда иелері салық органдарына тіркелмеген жалға берілетін пәтерлер өте көп, - дейді МКД бөлімінің маманы Бекболат ҚУАНЫШБЕКОВ. Бұл айыппұлмен жазаланатын әкімшілік құқықбұзушылық. Әрине, салық төлеп, бұл бизнеспен заңды түрде айналысуға болады. Сондай-ақ, мына бір нәрсені ескеру қажет: егер жалға берушінің кіріс көлемі жылына 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен (510 мың теңге) аспайтын болса, онда ол өз бизнесімен тіркелмей-ақ айналыса алады.   

- Рейд түске дейін жүргізілді, бәлкім содан ба, көптеген жалға алушылар үйлерінде болған жоқ, олардың арасында Атырауға жұмыс істеуге келгендері де баршылық қой.


Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

16 шілде 2019, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.