Атырау, 24 қараша 14:35
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Газшілер ақшаны артық есептеген

2 916 просмотра


Өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы тауарлы газды бөлшек сату ережесін бұзып, заңды тұлғалардың есеп шоттарына 45 млн теңгені заңсыз есептеген.

- ҚР Энергетика министрінің №96 «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, артық газ шығыны үшін 1,5 коэффиценті қолданылады, алайда бұл жағдайда коэффицент барлық пайдаланылған  газ үшін қолданылған. Жалпы алғанда, 2018 жылдың қараша-желтоқсан айлары бойынша 800 кәсіпкерге заңсыз 45 млн. теңге көлемінде ақша есептелген, - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратураның ұйғарымы бойынша заңсыз есептеудің күші жойылды, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының 2 жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Фархат АБІЛОВ

Суретті түсірген автор

15 шілде 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.