Атырау, 22 желтоқсан 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

«Фермерді өлтіру туралы іс»: үш туыс айыпталуда Атырауда

«Фермерді өлтіру туралы іс»: үш туыс айыпталуда

Жылыой ауданындағы мал бағатын Нұралы НҰРТІЛЕУОВТІҢ кісі қолынан қаза табуы тек қана Атырау облысын емес, барлық Қазақстанды шулатқан болатын. Жарты жыл уақыт өткеннен кейін, тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жетті. Сотталушылар орындығында – әкесі мен баласы және сол үйдің туысы болып келетін малшысы бар. Сұмдық қылмыс туралы толығырақ – «АЖ» материалында. 11 ақпан 2021, 22:23 3 660 рет қаралды
Полиция капитаны жезөкшелерді «қорғауға» құлшынып тұрды Атырауда

Полиция капитаны жезөкшелерді «қорғауға» құлшынып тұрды

Атырау қалалық №2 соты ҚР ҚК-нің 362-бабы («Билік немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша айыпталған Атырау облысы полиция департаментінің қылмыстық істер басқармасының жедел уәкілі Руслан ЗҰЛҚАШЕВҚА қатысты үкім шығарды. 8 ақпан 2021, 11:56 3 105 рет қаралды
Жылу төлемдері: ЖЭО түсініктеме берді, ал тұрғындар түсінбей дал Атырауда

Жылу төлемдері: ЖЭО түсініктеме берді, ал тұрғындар түсінбей дал

«АЖЭО» АҚ-ның «АЖ» редакциясының 2020 жылғы желтоқсандағы жылу үшін төлемақыны көп шығуына қатысты жолдаған редакциялық сауалына берген жауабынан қызықты жайттар анықталды. Мысалы, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр және жылу энергиясын өндіруге арналған газды тасымалдау тарифі екі есеге жуық –бір мың текше метр үшін 2370 теңгеден 4551-ге дейін көтерілген. «АЖЭО» АҚ президенті Мақсот ӘЛЕНОВТІҢ қолы қойылған жауапқа сүйенсек, бұл банкротқа ұшырауға дейін кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздығына алып келеді. 4 ақпан 2021, 16:34 3 121 рет қаралды
«Тәртіп сақшылары ма, әлде басқа ма?» Атырауда

«Тәртіп сақшылары ма, әлде басқа ма?»

Жолдастарымен бірге Макс Боқаевты бостандықта қарсы алу  үшін Атырауға жолға шыққан «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Лұқпан АХМЕДЬЯРОВ ұсталып, Оралға қайтарылған соң босатылды. Ол дереу Абай полиция бөлімі ғимаратының алдында наразылық шарасын ұйымдастырып, «Полиция или гестапо?» деген жазуы бар плакат ұстап шықты. 4 ақпан 2021, 17:39 3 600 рет қаралды
Макс Боқаевқа жету қиын болды Атырауда

Макс Боқаевқа жету қиын болды

Ертең, 4 ақпанда, Атыраудағы иүзеу колониясынан Макс БОҚАЕВ бостандыққа шығады. Ал оны күтіп алу үшін Атырауда азаматтық белсенділер мен журналистер жиналып жатыр. Бүгін тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат MAMAЙ және Жаңаөзен, Ақтөбе, Павлодар, Петропавлдан бірнеше белсенді азаматтар келді. Бейнежазба 3 ақпан 2021, 16:21 3 782 рет қаралды
Арзан бағамен элиталы баспана алып беруге уәде еткен алаяққа алданды Атырауда

Арзан бағамен элиталы баспана алып беруге уәде еткен алаяққа алданды

20-дан астам атыраулық қаланың ортасынан элиталық үйлерден пәтер аламыз деп, алаққа алданып, 185 млн теңгелерінен қағылған. 27 қаңтарда олар облыстық прокуратура алдына жиналып, қылмыстық істің дұрыс жүргізілмеуіне наразылық білдірді. 29 қаңтар 2021, 10:56 3 392 рет қаралды
Үкімдегі қарама-қайшылық Атырауда

Үкімдегі қарама-қайшылық

Өткен жылдың 8 қыркүйегінде Дамбы ауылының тұрғындары Нұрлан ҚАЛИЕВ пен Сабыржан МҰСАЕВ 18 келі бекіре балығымен ұсталды. Алғашында сот оларға 56 млн теңге айыппұл салып, 3 жылға бас бостандығын шектеді. Кейін табиғатты қорғау прокуратурасының аппеляциялық шағымы  бойынша бас бостандығын шектеу жазасы айыру жазасына өзгертіліп, олар қамауға алынды. Қалиев пен Мұсаевтың туыстары сонша қатаң жазалаудың не қажеті бар екенін түсінбей дал. 26 қаңтар 2021, 10:42 3 804 рет қаралды
Жемқорлыққа қарсы қызмет - Таубаев, мектеп оқушыларына арналған компьютерлер және коронавирустан қайтыс болғандар туралы Атырауда

Жемқорлыққа қарсы қызмет - Таубаев, мектеп оқушыларына арналған компьютерлер және коронавирустан қайтыс болғандар туралы

«AЖ» Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сауалдар жолдады. Атап айтқанда, Нұрлан Таубаевтың ісі, Таубаевтың пара бопсалағаны туралы хабарлаушы қанша сыйақы алады, мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға арналған компьютерлерге қатысты түсініксіз жағдай, пандемия үдеген кезде коронавирустан көз жұмғандардың қалай жерленгені туралы және т.б. Төменде жауаптар берілген. 22 қаңтар 2021, 11:49 4 702 рет қаралды
 № 5 үйдің жапсармасына қатысты жанжал: әкімдік өкілдері сотқа баруға кеңес берді Атырауда

№ 5 үйдің жапсармасына қатысты жанжал: әкімдік өкілдері сотқа баруға кеңес берді

20 қаңтарда Ж.Досмұхамбетов көшесіндегі №5 үйге жалғанған жапсарманың жанына тағы да үй тұрғындары жиналды. Оларға МСҚБ басқармасының бастығы Ринат ЖАНГЛИШОВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕН және қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерлан ҚАБДЕНОВ келді. Құрылысты бастаған 1-қабаттағы пәтер иелері ақыры жиналысқа келмеді. Сурет Бейнежазба 21 қаңтар 2021, 10:45 3 333 рет қаралды
Үкімнен соң: қылмыстық істер жөніндегі соттың баспасөз хабарламасы Атырауда

Үкімнен соң: қылмыстық істер жөніндегі соттың баспасөз хабарламасы

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі өз сайтында «нәрестенің өлімі туралы» іс бойынша аяқталған процестің нәтижелері туралы баспасөз хабарламасын орналастырды. Атап айтқанда, айыптау эпизодтары бойынша ақпарат жарияланды. 19 қаңтар 2021, 15:41 2 640 рет қаралды
Зауыттан бұрын «химиялық» көл пайда болды Атырауда

Зауыттан бұрын «химиялық» көл пайда болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (ЭРБК) Атырау облысында химия зауыты өрескел экологиялық заң бұзушылықпен салынып жатыр және кінәлілер жауапқа тартылды, деп хабарлады. 15 қаңтар 2021, 16:51 2 808 рет қаралды
​Азаттық даңғылында аман қалған итке Батыр деп ат қойды Атырауда

​Азаттық даңғылында аман қалған итке Батыр деп ат қойды

7 қаңтарда Азаттық даңғылында көлігіне байлап, жылдамдығын арттырып сүйреген қатыгез қожайынның иті қатты жарақаттанса да, аман қалды.  Қазір ол еріктілердің қарауында деп әлеуметтік желіде олардың өзі хабарлады. 12 қаңтар 2021, 10:04 2 589 рет қаралды
«Орал – Атырау» трассасында адам өліміне әкелген көлік апаты болды Атырауда

«Орал – Атырау» трассасында адам өліміне әкелген көлік апаты болды

11 қаңтарда Орал-Атырау трассасында «Лада Ларгус» пен «Лексус» маркалы қалааралық таксилер соқтығысты. Нәтижесінде бір адам қаза болып, екеуі ауыр жарақат алды. 12 қаңтар 2021, 11:45 2 612 рет қаралды
Макс Боқаев 4 ақпанда босатылады Атырауда

Макс Боқаев 4 ақпанда босатылады

Бұл туралы «AЖ»-ға оның досы әрі үзеңгілесі Талғат АЯН хабарлады. Аянның айтуынша, Макс оған колониядан таксофоннан қоңырау шалыпты - колония әкімшілігі Максқа оның жақын арада босатылатынын хабарлаған. 7 қаңтар 2021, 12:05 3 157 рет қаралды
Пәтер сатып алам деп, 35 миллионынан айырылды Атырауда

Пәтер сатып алам деп, 35 миллионынан айырылды

Тура бір жыл бұрын Атырау қаласының тұрғыны Орынбасар ДҮЗБАЕВ Ақтауда Артур ТЕМІРҒАЛИЕВТАН 35 миллион теңгеге 4 бөлмелі пәтер сатып алған. Алайда, көп ұзамай пәтердің бұрынғы қожайыны А-в келіп, өзінің мүлкін заңсыз иемденгені туралы сотқа талап-арыз түсіріп, сотта жеңіп шықты. Дегенмен бұл сот шешімін әділ деп айту қиын. 5 қаңтар 2021, 14:17 2 994 рет қаралды
«Ақ Жайық» 2020 жылы не туралы жазды Атырауда

«Ақ Жайық» 2020 жылы не туралы жазды

Мамыр. Теңізде тағы да толқулар басталды - COC Realty компаниясының 100-ге жуық қызметкері қатаң карантин режимін жеңілдетіп, екінші ауысымға жұмысқа қалғандары үшін қосымша ақы төлеу туралы талаппен шықты. Атыраудағы карантин 25 мамырға дейін ұзартылды (әрі қарай біраз жеңілдетіліп, тағы бірнеше рет ұзартылады). 30 желтоқсан 2020, 12:00 3 960 рет қаралды
«Спецприемникте» отырғандар - мас жүргізуші, бұзақы шетелдіктер Атырауда

«Спецприемникте» отырғандар - мас жүргізуші, бұзақы шетелдіктер

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 күнге, әйелін ұрғаны үшін 3 күнге, көшеге қоқыс тастағаны үшін 1 күнге қамалғандар туралы жиі естиміз. «АЖ» тілшісі әкімшілік құқықбұзушылық үшін «тәуліктерін» өткізетін құқықбұзушыларды ұстайтын орынды көріп қайтты. Сурет 24 желтоқсан 2020, 11:43 5 120 рет қаралды
Әжелер салған әндер-ай Атырауда

Әжелер салған әндер-ай

Әжелер өнегесі – ұрпақтан ұрпаққа ұласып, ғасырдан ғасырға жалғасатын тәрбиенің қайнар көзі ғой. Өскелең ұрпаққа халқымыздың салт-дәстүрін үйретіп, бойына мәдениет пен әдет-ғұрыпты сіңіретін де осы әжелеріміз. Солардың бірі – «Исатай ауылы» әжелер ансамблінің мүшесі, Исатай ауылының тұрғыны 75 жастағы Жансекер БӘБИҚЫЗЫМЕН әңгімелескен едік. Сурет Бейнежазба 23 желтоқсан 2020, 00:00 8 365 рет қаралды
Сот Таубаев пен Басаровтың ісін прокуратураға қайтарды Атырауда

Сот Таубаев пен Басаровтың ісін прокуратураға қайтарды

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураға Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс бөлімінің экс-басшысы Тимур БАСАРОВҚА қатысты аяқталған қылмыстық істі прокуратураға қайтарып берді. Алдын ала сот отырысында судья тергеу барысында процессуалдық қателіктер жіберілгенін анықтады. 21 желтоқсан 2020, 15:51 4 832 рет қаралды
Демалыс күндеріндегі құқық бұзушылықтар Атырауда

Демалыс күндеріндегі құқық бұзушылықтар

Полиция ақпаратына сүйенсек, кейбір атыраулықтар осынау ұзақ демалыс күндерін кеңінен атап өтті. Қала тұрғындарының көпшілігі мас күйде көлік жүргізген, ал көпқабатты үйлердің біріне жарылу қаупі төнген. 20 желтоқсан 2020, 15:01 3 901 рет қаралды
Атырау әйелдер колониясының бұрынғы бастығы қоныс колониясында жазасын өтейді Атырауда

Атырау әйелдер колониясының бұрынғы бастығы қоныс колониясында жазасын өтейді

10 желтоқсанда Атырау қаласының №2 соты УГ-157/11 түзеу мекемесінің (әйелдер колониясы) бұрынғы бастығы Нұрзада САҒЫНҒАЛИЕВА мен сол мекеменің бас есепшісі Мәдина БИМЕНОВАҒА қатысты үкім шығарды. 12 желтоқсан 2020, 15:36 5 160 рет қаралды
Үкім алдындағы соңғы сөз: «Сіздің нәрестеңізді өлтірген жоқпыз»​ Атырауда

Үкім алдындағы соңғы сөз: «Сіздің нәрестеңізді өлтірген жоқпыз»​

8 желтоқсанда сот жарыссөзі аяқталған бойда процеске қатысушылар қарсы тараптың бұрын сөйлеген сөздеріне қарсылық білдіру құқығын алды. Осыдан кейін сотталушылар соңғы сөздерін сөйледі. Ал қарсылық білдіруде бірінші болып негізгі сотталушы Қуаныш Нысанбаевтың адвокаттарының бірі Аслан ЖОЛБОЛОВ сөз алды. Сурет Бейнежазба 10 желтоқсан 2020, 16:07 6 878 рет қаралды
«Әр қателік үшін қатал жазаласа, емдейтін ешкім қалмайды» Атырауда

«Әр қателік үшін қатал жазаласа, емдейтін ешкім қалмайды»

8 желтоқсанда Атыраудағы медицина мекемелерінің он бес шақты акушер-гинекологы «Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро» ҚБ Атырау филиалы кеңсесінің жанына жиналды. Олардың айтуынша, олар қазір «нәрестенің өлімі ісі» бойынша сотталып жатқан әріптестерін қолдап шыққан. Сурет Бейнежазба 9 желтоқсан 2020, 16:57 4 728 рет қаралды
Қамысқа қатысты шырмалған хикая Атырауда

Қамысқа қатысты шырмалған хикая

Жақында «AЖ»-ға берген сұхбатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар БЕРЖАНОВ Каспий жағалауындағы қамыстың жиі өртену себебін атаған еді. Оның пікірінше, аңшылар жаққан оттары мен темекі тұқылдарын сөндірмей тастап кетеді. Алайда, облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының өкілдері мұнымен мүлдем келіспейді. Олар Кеңөзек ауылдық округі тұрғындарының өздері өртейді деседі. «AЖ» осы шырмалған хикаяны анықтауға тырысты. Сурет Бейнежазба 8 желтоқсан 2020, 12:29 4 863 рет қаралды
Нәрестенің өліміне қатысты сот ісі: «Дәрігер мамандығын таңдағаныма өкінемін» Атырауда

Нәрестенің өліміне қатысты сот ісі: «Дәрігер мамандығын таңдағаныма өкінемін»

4 желтоқсанда облыстық перинаталды орталықтың тоңазытқышына салынған нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөзінде айыпталушылар мен олардың адвокаттары сөз алды. Бейнежазба 7 желтоқсан 2020, 13:00 4 781 рет қаралды
Ұлы ақыры түрмеге түсті Атырауда

Ұлы ақыры түрмеге түсті

Сотта жалған куәлік еткені үшін шартты түрде сотталып, Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынған 38 жастағы қала тұрғыны анасына балағат сөз айтқаны үшін түрмеге қамалды. Ал анасы бұлай боларын мүлдем қаламаған еді. Толықтай - «АЖ» материалында. 27 қараша 2020, 15:39 4 115 рет қаралды
Атыраудың спорт «картасы»: кей жерде тығыз, кей жерде бос Атырауда

Атыраудың спорт «картасы»: кей жерде тығыз, кей жерде бос

Танымал атыраулық спортшылардың көпшілігінің «кіші отаны» саналатын Киткрай мен Атырау ықшам ауданында спортпен айналысуға ешқандай жағдай жоқ: залдар, мектеп жанындағыдан басқа алаңдар, жаттығу аймақтары немесе воркаут алаңдары жоқ. Сурет 25 қараша 2020, 01:28 4 177 рет қаралды