Атырау, 13 қазан 09:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«Тәртіп сақшылары ма, әлде басқа ма?»

3 451 просмотра

Жолдастарымен бірге Макс Боқаевты бостандықта қарсы алу  үшін Атырауға жолға шыққан «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Лұқпан АХМЕДЬЯРОВ ұсталып, Оралға қайтарылған соң босатылды. Ол дереу Абай полиция бөлімі ғимаратының алдында наразылық шарасын ұйымдастырып, «Полиция или гестапо?» деген жазуы бар плакат ұстап шықты.

- Бүгін мен және әріптестерім полиция тарапынан қысымға тап болдық. Олар бізге Атырауға баруға мүмкіндік бермеді, біз сол жерге барып, кәсіби журналистік парызымызды орындағымыз келген. Полиция саяси ізге түсушілікпен айналысып отыр. «Полиция или гестапо?» деген сұрақ кездейсоқ емес. Өйткені кезінде бұл ұйым басқаша ойлайтындармен күресетін еді. Билікпен келіспейтін кез-келген адам мемлекеттің жауына айналады, - дейді Ахмедьяров. – Полиция журналистер Атырауға жетпеу үшін бәрін жасады. Мен наразылық білдіремін – салықты бұл үшін емес, полиция қылмыскерлермен, ұрылармен, кісі өлтірушілермен, зорлықшылармен күресуі үшін төлеп отырмын.

Лұқпан Ахмедьяров Абай полиция бөлімінің алдында плакатпен тұр. Сурет: «Орал апталығы»

Содан кейін ол Абай бөлімінің әйнегіне жоғарыда аталған жазуы бар плакатты ілді. Көп кешікпей, полицейлер оған жақындап, бөлім ғимаратына алып кетті.

Ал оның орынбасары Рауль УПОРОВ өз парақшасында оператормен бірге Чапаевта ұсталғаннан кейін жолдан көлік тоқтатып мінгендерін, бірақ полиция оларды 50 шақырымнан кейін қайтадан тоқтатып, бәрінен, соның ішінде, бөгде адамдардан түсініктеме алғанын жазды.

Ал 2 ақпанда сот Макс Боқаевқа қатысты Макстың өзі мен адвокатының қатысуынсыз қосымша шектеу шаралары туралы қаулы шығарды. Боқаевтың айтуынша, оған митингілерге, кез-келген дебаттарға қатысуға тыйым салған, әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы да мүмкін.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

4 ақпан 2021, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.