Атырау, 12 қаңтар 00:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

«Орал – Атырау» трассасында адам өліміне әкелген көлік апаты болды

2 613 рет қаралды

11 қаңтарда Орал-Атырау трассасында «Лада Ларгус» пен «Лексус» маркалы қалааралық таксилер соқтығысты. Нәтижесінде бір адам қаза болып, екеуі ауыр жарақат алды.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жол-көлік апаты Орал - Атырау трассасының 105-шақырымында Ақжайық ауданындағы Самал ауылының маңында болғанын хабарлады.

- Көліктерде барлығы 10 адам болған, оның төртеуі балалар. 73 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, екі адамның жағдайы ауыр. Олар Ақжайық аудандық ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

- «Лексус» рөлінде 34 жастағы ер адам болған. Ол көлікті басып озып бара жатқанда, рөлге ие бола алмай, 39 жастағы жүргізуші басқарған «Лада Ларгуспен» бетпе-бет соқтығысқан. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Зардап шеккендердің барлығы - БҚО тұрғындары, - деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған суреттер

 

12 қаңтар 2021, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.