Атырау, 14 наурыз 03:49
 ашықВ Атырау +11
$ 495.28
€ 538.32
₽ 5.77

Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

3 994 просмотра 25 пікір

Ол - 39 жастағы Ерболат Омаров.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Е.Омаров әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген, еңбек жолын 2001 жылы заңгер болып бастаған, 2005 жылдан бастап сот органдарында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2009 жылдан 2013 жылға дейін - басшының орынбасары, Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, 2013-2015 жылдары - Мақат ауданының әкімі болған.

Осы тағайындауға дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.

Жаңа орынбасар экономика және қаржы саласына жетекшілік етеді.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 ақпан 2021, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.