Атырау, 25 сәуір 05:31
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жалған нөмірлермен жүрген

3 535 просмотра
Фото: aif.ru 

Жыл басынан бері Атырау полициясы жалған мемлекеттік нөмірлі көліктерді басқарғаны үшін 24 жүргізушіні жауапқа тартты.

Мәселен, 21 қарашада қала маңындағы Геолог ауылында полиция қызметкерлері ресейлік нөмірі бар Toyota Camry көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде нөмір жалған болып шықты. Нәтижесінде Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейіннен сот оны бір жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

- Бұдан басқа, осы баптың санкциясы 20 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді, - деп нақтылады патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан СӘРСЕНБАЕВ.

Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс - патрульдік полиция қызметкерлері үшін басым бағыттардың бірі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 желтоқсан 2020, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.