Бүгін, 19 желтоқсан түн ортасында "Дина" сауда үйінде болған өрттен екі қатарлы тұрмыстық заттар павильоны толық жанып кетті.
Өрт туралы 101 нөміріне сағат 00:41 де хабар түскен. Оқиға орнына құтқарушылар жеткен кезде аумағы 20×57 метр болатын 2 қатарлы ғимартты толықтай жалын шарпыған.
«Жедел штаб құрып, өрт сөндірушілердің бір тобын жарлас орналасқан ғимараттарды құтқаруға жұмылдырдық. Нәтижесінде павильонға жақын орналасқан аумағы 3×60 метр бутиктер мен асхананы өрттен аман сақтап қалдық. Өрт 02:33-те оқшауланып, 03:25 те сөндірілді», - деді ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы Мақсот ЕСПОЛОВ.
Ғимарат толықтай жанып кетті. Өрттің шығу себебі белгісіз. Құтқарушылар қазір өрт салдарынан қираған құрастырмаларды жинастыруда.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор
В Атырау 0 







