Атырау, 14 қазан 07:39
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау әйелдер колониясының бұрынғы бастығы қоныс колониясында жазасын өтейді

4 896 просмотра

10 желтоқсанда Атырау қаласының №2 соты УГ-157/11 түзеу мекемесінің (әйелдер колониясы) бұрынғы бастығы Нұрзада САҒЫНҒАЛИЕВА мен сол мекеменің бас есепшісі Мәдина БИМЕНОВАҒА қатысты үкім шығарды.

Естеріңізге салсақ, екі әйелді биылғы ақпан айында ҰҚКД қызметкерлері ұстаған еді. Бастапқыда сотқа дейінгі тергеу 366-бап (пара алу) бойынша жүргізілді, бірақ кейін 362-баптың 4-тармағының 3-тармақшасына («Пайда алу мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») өзгертілді. Ал сотта 361-бап («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша «жеңіл» баппен қарастырылды.

Сот барысында Бименова Сағынғалиевадан айырмашылығы, кінәсін мойындады.

Сот Сағынғалиеваның бас есепші Бименованы сыбайлас ретінде тартқаны, олар қарамағындағыларға өткен жыл үшін жалпы сомасы 3 миллион 176 мың теңгені құрайтын сыйақы мен ынталандыру төлемдерін жинағаны және бұл ақшаның көп бөлігін иемденгені анықталды

Екі әйел мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылып, колонияда 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Сот Сағынғалиеваны «әділет майоры» шенінен айырды.

Сотталушылардың тергеу изоляторында 10 ай болғанын, ал қоныс-колонияға сотталғандар үшін бір жыл екі жылға есептелетінін ескерсек, енді олар 4 ай түрмеде отырады.

Айнұр САПАРОВА

12 желтоқсан 2020, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.