Атырау, 13 қазан 19:27
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Азаттық даңғылында аман қалған итке Батыр деп ат қойды

2 347 просмотра

7 қаңтарда Азаттық даңғылында көлігіне байлап, жылдамдығын арттырып сүйреген қатыгез қожайынның иті қатты жарақаттанса да, аман қалды.  Қазір ол еріктілердің қарауында деп әлеуметтік желіде олардың өзі хабарлады.

Қамқоршы еріктілердің айтуынша итті иесінің ауласынан тапқан. Сурет пен бейнежазбада қандай жарақат алғаны көрініп тұр.

- Ол қатты қорыққан, тауып алғанда әжетхананың артындағы бұрышқа тығылып қалды, - деп жазады еріктілер.

Ветеринарлық клиникада тексеруден өткізгенде,  мамандар иттің жазылып кетуі ұзаққа созылатынын айтты:

- Терісі жыртылған,  бұлшықет тіндері кей жерлерде орнына қайта ет өспейтіндей қатты жыртылған. Бір көзі зақымдалған, оны да толықтай емдеу мүмкін емес. Оған қоса ауыр психологиялық зақым алған.  

Еріктілер ит осынша қорлық көріп, тірі қалғасын  оған Батыр деп ат қойды.

Иттің иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік жасау) бойынша жалғасуда. Осы қылмыс бойынша  сыбайлас анықталды ма деген сұраққа (куәгерлердің айтуынша, тағы бір жүргізуші сол көліктің соңынан еріп  жүрген) полиция департаментінде өзге ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін беріледі деп жауап берді. Сондай-ақ, көптің көкейіндегі – неге осылай жасады? – деген басты сұраққа жауап беріледі.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер  әлеуметтік желіден алынды

12 қаңтар 2021, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.